«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Оқулықтар 100% цифрлық форматқа көшірілді

Бүгінде мектеп оқулықтарының цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 100%, деп хабарлайды BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспаның 11 платформасында әзірленіп жатыр.

Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтердің қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер сабақтарды заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып өткізеді, сондай-ақ онлайн ресурстарды қолдану бойынша білімдерін жетілдіреді, — деп атап өтті ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 20 өңірдегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталды

 

Ұқсас ақпараттар

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

admin_mugalzhar

Ақсуға ауызсу кірді

admin_mugalzhar

Биыл атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 123 млрд теңгеге жуық ақша бөлінді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.