«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҒАРЫШ ЖӘНЕ АДАМЗАТ

Әлемде ғарышты игеруге ұмтылатын ең дамыған елдер бар. 1960 жылдары басталған ғарыш жарысы бүгінде үдей түсті. Қазір Қытай АҚШ пен Ресейден кейінгі орында тұр. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап адамзаттың ғарышты игеру қозғалысы басталды. 1957 жылы кеңес ғалымдары алғашқы жер серігін ұшырса, 1961 жылы Юрий Гагарин ғарышқа аттанды.

МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҒАРЫШТЫ ИГЕРУГЕ БӨЛЕТІН ҚАРЖЫСЫ ҚАНША?

1969 жылдан 1972 жылға дейін 12 АҚШ астронавты Айға қонды, содан кейін Айға бару көп қаржыны талап етеді деген сылтаумен бұл миссиялар тоқтатылды. АҚШ-та кейінгі жылдары Айға қайта оралу жоспарлары жандана бастады. Бұл ғарыш саласында кімнің күшті екенін дәлелдеуге, Айға зерттеу жүргізуге, тіршілік ізін табуға бағытталған. NASA жаңа рейсті 2025 жылға дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Ол үшін Кеннеди ғарыш орталығында жаңа үлкен SLS зымыраны ұшырылады деп жоспарланған. АҚШ-тан басқа, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей, Үндістан және БАӘ де Айға бару миссиясын орындауға тырысып жатыр.

ҒАРЫШ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ЕҢ КӨП ҚАРЖЫ ЖҰМСАҒАН ЕЛДЕР

Жер бетіндегі өмір сапасы нашарлап бара жатқандықтан, бай елдер ғарышты зерттеп, өмір сүруге жарамды планеталарды іздеуде. Бірақ ғарышты игеру үлкен шығынды талап етеді. Мысалы, 2021 жылы ғарыш зерттеулеріне көп қаржыны АҚШ жұмсаған – 55 млрд доллар. Ал Қытай – 10,3 млрд доллар, Жапония – 4,2 млрд доллар, Франция – 4 млрд доллар, Ресей – 3,6 млрд доллар, Еуропа Одағы – 2,6 млрд доллар, Германия – 2,4 млрд доллар жұмсады.

ҒАРЫШ ЕРЕЖЕЛЕРІН КІМ ӘЗІРЛЕЙДІ?

Ғарышта қалай жұмыс істеу керек, оны қандай мақсатта және қандай тәртіппен пайдалану керектігі туралы тәртіп бар. Атап айтқанда, 1967 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ғарыш туралы келісімі бірде-бір мемлекет ғаламның кез келген бөлігін иемдене ете алмайды деген. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1979 жылғы Айға қатысты келісімі ғаламды коммерциялық мақсатта пайдаланбау керек деп белгіледі, бірақ АҚШ, Қытай және Ресей оған қол қоюдан бас тартты. Енді АҚШ келісімге келуді алға тартып отыр. Келісімде елдердің Ай минералдарын қалай бөлісетіні жазылған.

МИЛЛИАРДЕРЛЕРДІҢ ҒАРЫШТЫ ИГЕРУ ЖАРЫСЫ

Әдетте, үкіметтер ғарышты игеруге ақша бөледі. Ал енді ұшу ақысын төлей алатын кез келген миллиардер ғарышқа жол тарта алады. Миллиардерлердің тізімінде қазір Илон Маск, Джефф Безос және Ричард Брэнсон үштігі бар. Олардың ішінен алғаш болып ұлыбританиялық Ричард Брансон ғарышқа ұшты. Ол 2021 жылдың шілдесінде өзінің Virgin Galactics компаниясы құрастырған ұшақта ғарышты бағындырды. Ол теңіз деңгейінен 90 км биіктікке көтерілді. Содан кейін Amazon негізін қалаушы америкалық Джефф Безос өзі негізін қалаған Blue Origin компаниясының зымыранымен ғарышқа ұшты. 10 минуттан сәл астам уақытқа созылған ұшу кезінде зымыран капсуланы төрт адамнан тұратын экипажымен теңіз деңгейінен 100 км қашықтықтағы орбитаға көтеріп, кейін кері қонды.

ИЛОН МАСКТЫҢ ИДЕЯСЫ

Ғаламдық ғылыми орта мен әлемдік масс-медиада талқыланып жатқан қазіргі ірі тақырып — Илан Масктың Марсты жаулап алу операциясы. Бұған біреу сенсе, енді бірі сынмен қарайды. Қалай десек те, адамзаттың Марсқа ұшуы мен онда тіршілік ортасын құруы — ғылым үшін зор жетістік. Марс — Шолпанға қарағанда тіршілікке біршама қолайлы, табиғи сипаты, көлемі Жерге ұқсас ең жақын ғаламшар. Қызыл ғаламшарға ұшу басқа ғарыш объектілеріне қарағанда аз энергия кетеді. Бұл ғаламшарда минерал заттар бар, сондықтан мыс, темір, вольфрам, уран, рений, алтын сынды кенді металдардың да мол қоры болуы мүмкін. Мұның бәрі адамзаттың колонизация жасауын жеңілдетпек. «NASA» бастаған ғылыми қауымның Марсты зерттеуге көшудегі себебі осы. Әрі олардың қазіргі негізгі мақсаты — Марста тұрақты ғылыми база құрып, оны зерттеу. Алайда көрші планетаға ұшып бару оңай емес, жүк пен адам тасымалдау өте қиын. Шығыны көп. Мәселен, «NASA» 2017 жылы Марсқа жіберілген 900 келілік марсоходты ұшыру үшін 2,5 млрд доллар қаржы кеткен. Бір ғана аппаратты әзірлеу үшін кеткен қыруар қаржымен Марста жақында ғылыми база құру мүмкін емес. Илон Масктың зымыран құрастыруға кіріскені сондықтан. Онымен экипаж, техника мен құрал-жабдықтар тасымалданады. Оның үстіне, барынша жылдам ұшқаны жөн әрі жерге қайтып оралса, тіпті жақсы. Илон Маск Қызыл жұлдыз бен Жер шарын байланыстыратын транспорт жүйесін құру идеясын 2016 жылы ұсынды. Құрастырып жатқан зымыранның аты — Starship. Биіктігі — 118 метр, диаметрі — 9 метр, салмағы — 5 мың тонна. Зымыран екі бөліктен тұрады: ғарыш кемесі мен зымыран қозғалтқышы орналасқан аймақ (Super Heavy). 43 зымыран қозғалтқышы орнатылмақ. Құрастырушылардың есебінше, зымыран орбитаға дейін 100 тонна жүк көтеріп шығарады. Ал зымыран Техастағы ғарыш айлағынан ұшпақ. Өйткені бұл экваторға барынша жақын айлақ. Әрі ғарыш белдеуіне шығу оңайы рақ: өз білігінен айналған Жер зымыранның ғарышқа ұшып шығуын жеңілдетеді, отын да аз кетеді. Масктың жоспарынша, Starship 2022 жылы орбитаға ұшырылып, жер шарын бір айналып шығып, ары қарай Марсқа аттанады. Ал Марсқа дейінгі сапар 1 жылға дейін созылуы мүмкін. Демек, Масктың есебінше, ғарыш кемесі Марсқа 2023 жылы барып қонбақ. Ал 2025 жылдан бастап экипаж жіберілмек. 2028 жылы база салынып бітеді.

Марстағы базаның үлгісі қазір Гоби мен Аризона шөлінде, Гавайдағы жанартау етегінде салынып жатыр. Ал Марсқа колонизация жасаудың соңғы кезеңі — бұл адамдарды қоныстандыруға арналған колония мен өсімдік өсіретін жылыжайдың, жанармай өндіретін бекеттің салынуы. Илонның есебінше, осы ғасырдың аяғына дейін Марсқа 1 млн адам жіберілмек. Алайда Масктің Илон Масктың SpaceX компаниясының өте ауыр Starship ғарыш кемелері ұшырылғаннан кейін ұшуды тоқтату жүйесімен екі мәрте жарылды. Ғарыш кемесі Техастағы БокаЧика ғарыш айлағынан ұшырылған еді. Жерді айналып өтуі керек кеме Гавай аймағындағы Тынық мұхитына құлауы керек болған. Алайда ұшырылғаннан кейін кемемен байланыс сегіз минуттан кейін жоғалып кетті. Осыдан кейін SpaceX Starship өзін-өзі жою мүмкіндігі іске қосылғанын хабарлады. Оқиғаның себептері әлі анық емес. Алайда Илон Маск сынақтарды үлкен жетістік деп атады. «Мақсатқа бір қадам жақынбыз!» — деп жазды ол Х желісінде.

ҚЫТАЙДЫҢ МИССИЯСЫ – АЙ БЕТІНДЕГІ СИРЕК ЗАТТАРДЫ ТҮСІРУ

Қытай – әлем тарихында ғарышкерлерді ғарышқа жіберген және ғарыш станциясын салған үшінші ел. Өткен жылы Қытай «Тяньгун» деп аталатын ғарыш станциясы үшін алғашқы моделді орбитаға шығарды. «Тяньгун» станциясы 5 бөліктен тұрады. Оның ішіне экипаждың тұратын бөлмесі, екі ғылыми зертхана, роботты жүк кемесі, негізгі модуль және негізгі өмір сүру аймағы кіреді. Тяньгунның мақсаты — 2031 жылға қарай Халықаралық ғарыш станциясының көшірмесін жасау.

Қытай өзінің алғашқы жер серігін 1970 жылы орбитаға шығарды. Кейінгі онжылдықта Қытай 200-ден астам зымыран ұшырды. Жақында Айдан топырақ үлгілерін жинау үшін Change-5 деп аталатын зонд ұшырды. Қытай зонды араға 44 жыл салып Айдан топырақ үлгісін әкеледі. Осы уақытқа дейін Қытай 14 ғарышкерді ұшырды (ал АҚШ 340, Ресей 130-дан астам ғарышкер ұшырған). Әрине, Қытайдың ғарышқа сапарының барлығы сәтті бола бермейді. Мысалы, 2020 жылы 2 рейс сәтсіз аяқталды. 2021 жылы зымыранның бір бөлігі орбитадан шығып, Атлант мұхитына құлады. Қытайдың мемлекеттік ақпарат агенттігі Синьхуа Қытайдың ғарыш бағдарламаларында 300 мың адам жұмыс істейтінін хабарлады. Бұл қазіргі уақытта NASA-да жұмыс істейтін қызметкерлер санынан 18 есе көп. Қытай телекоммуникация, әуе қозғалысын басқару, ауа райын болжау, навигация және т.б. үшін спутниктік технологияны дамытуға ұмтылуда. Бірақ оның көптеген жерсеріктерінің әскери миссиясы бар екені айтылады. Спутниктер Қытайға тыңшылық жасауға және алыс қашықтықтағы зымырандарды басқаруға көмектесе алады.

Портсмут университетінің ғарыш жобасының менеджері Лусинда Кинг Қытай ғаламның барлық аспектілерін пайдаланғысы келетінін айтады. Оларда жоспарлаған бағдарламаларды қаржыландыру үшін ресурстар мен саяси мотивация бар. Қытайдың Айға миссиясының тағы бір себебі – Ай бетіндегі сирек заттарды түсіру.

Дайындаған Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

БАЛАНЫ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНҒА ТЕЛМІРТПЕЙІК

admin_mugalzhar

Димаш Құдайберген Түркияда жеке концертін өткізетінін хабарлады

admin_mugalzhar

Оппозиция Абхазия президенті әкімшілігін басып кірді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.