«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ОТБАСЫЛАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Дархан Ермағанбетов және аудандық комиссияның мүшелері көктемгі су тасқыны кезінде үйлері жарамсыз болып қалған Жағабұлақ, Шенгелши ауылындағы отбасылармен кездесті.

Кездесу барысында аудан басшысы Дархан Жанысханұлы тасқын су­дан зардап шеккен отбасыларға баспанамен қамту­дың барлық тәсілдері мен мүм­кін­дік­тері қарастырылатынын жеткізіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сондай-ақ аудандық комиссия мүшелері Бірлік ауылы мен Ембі қаласында болып су тасқыны кезінде үйлері жарамсыз болып қалған отбасылармен кездесті.

Мұғалжар ауданы бойынша бүгінгі күнге арнайы мамандар тарапынан тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандарға техникалық сараптама жүргізілді. Қазіргі таңда қорытындысы шығарылып, келтірілген шығынды бағалау жұмыстарын өткізуде.

Ұқсас ақпараттар

Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары

admin_mugalzhar

Ақтөбеде жазасын өтеп жатқандар аттестат алды. Олардың арасында 40 жастан асқандар да бар

admin_mugalzhar

БИЫЛ 100 АДАМ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚУҒА ЖОЛДАНАДЫ

admin_mugalzhar