«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ГҮЛІМНІҢ КЕЗЕКТІ ЖҮЛДЕСІ

Тайланд елінің Паттайя қаласында Әлем кубогі өтті. Сол чемпионатқа жерлесіміз Гүлім Құрманбаева аттанып, қоржынға қола салды.

Негізгі мақсатымда басқа салмақ болған еді, дегенмен оған жете алмадым. Бірақ оған да жетемін деген сенімім бар. Қазір рейтинг бойынша 9-шы орында тұрмын. Енді келесі стартта мақсатыма жетсем, рейтингім жоғарылайды. Жарыстың алдында үлкен жарақат алып қалғандықтан, әзірге қиындық тудыруда. Бұл да сынақ шығар, соған қарамастан III орынға ие болдым”, — дейді парапауэрлифтингтен жүлделі оралған Гүлімнің өзі.
Алдағы күндері спортшыны тағы бір старт күтіп тұр. Айта кетейік, бұл — “Париж-2024” Паралимпиада ойындарына жолдама алу үшін квалификациялық жарыс. Ол Грузия елінде өтпек. Спортшы енді осы жарысқа дайындық үстінде.

Ұқсас ақпараттар

Әділетті Қазақстанды құру процесін енді ешкім тоқтата алмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

admin_mugalzhar

2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды

admin_mugalzhar

ІІМ: 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді

admin_mugalzhar