«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АТАЛЫ ЕЛ — АНАДАН

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде 12 мамыр Аналар күніне орай ұйымдастырылған «Аталы ел-анадан» тақырыбында танымдық кеш өтті.
Танымдық кешке аудандық аналар комитетінің төрайымы Асабаева Жұмагүл Мақсатқызы, Халықтық «Қазына» ардагерлер ансамблінің жетекшісі Темірбаева Нұргүл, ансамбль мүшесі Нұрила Мұқанова және Мұғалжар гуманитарлық-техникалық колледжінің бастауыш мұғалімдерін даярлау бөлімінің студенттері қатысып, ұлтымыздың тарихында елге төбе, ерге демеу, бір рулы елдің басы болған Домалақ, Бегім, Ұлпан, Қарашаш, Бопай аналарымыз және күй анасы Диналардың елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі, ұлағатты ұлылығымен ұрпаққа үлгі болар тарихтағы ерлік істері жайлы әңгімелер айтылды.Сонымен қатар халық аузындағы Домалақ ана туралы ән, Динаның «Науысқы» күйі орындалып, колледж студенттері ардақты Аналарға арналған өлең шумақтарын оқыды.
Ел тарихындағы батыр аналарымыз ақыл-парасатымен, қайтпас қайсарлығымен халықты билеп көсемдік көрсетсе, бірі халықты өнерімен тәнті етіп елге әйгілі болды, Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларына қарсы кеудесін оққа тосқан батыр аналарымыз қаншама. Содан болар тарихтағы ұлы аналарымыздың есімі ұранға айналып бүгінде ұрпақтар жадында сақталып келеді және сақтала бермек.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛІМНЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ДЕЙІН

admin_mugalzhar

Қазақстанда АӘД ережелері жаңартылды: армия әскерге шақырылушылардың дайындығын күшейтуде

admin_mugalzhar

Президент тапсырмасы бойынша Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылы жаңа деңгейге көтерілді

admin_mugalzhar