«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АКЦИЯ: «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН»

Осы жылдың 25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» белсенділік акциясы өтеді. Бұл туралы аудандық полиция бөлімінің мамандары хабарлады.
Акцияның негізгі мақсаты — тұрымыстық-зорлықтың алдын алу, қоғамда отбасының рөлін нығайту, зорлық-зомбылық жасауға бейімді адаммен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыру, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру.
-Бұл акция барысында әр азамат зорлық-зомбылықты болдырмауға үлес қоса алады. Біз тек 16 күн ғана емес, әр күні көмек көрсетуге дайынбыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бұл — бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамда кездесетін ауыр шындық. Бұл құрбандар мен олардың айналасында терең із қалдыратын адам құқықтарын бұзудың бір түрі. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – зорлық-зомбылықтың алдын алу ғана емес, оның өсуіне ықпал ететін мәдениетті өзгертуге бағытталған маңызды бағыт, — деді полиция қызметкері Асел Шолақова.
Тұрмыстық золық-зомбылықтың алдын алу жауапкершілік пен құрметке үйретуді де қамтиды. Бұл қақтығыстарды шешудің зорлық-зомбылықсыз әдістерін насихаттауды, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың зияны мен оның салдары туралы хабардарлықты арттыруды білдіреді. Жеке интеграцияны және басқалардың құқықтарын құрметтеуге үйрету қауіпсіздік пен теңдік мәдениетін құрудың кілті болып табылады.

Ұқсас ақпараттар

9588 оқушы қашықтықтан оқиды

admin_mugalzhar

БІРЛІК — БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ

admin_mugalzhar

ВОЛОНТЕРЛАР ЧЕМПИОНДЫ КҮТІП АЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.