«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ — 2024» анықталды

Мұғалжар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп ұстаздары арасында «Үздік педагог — 2024» шығармашылық байқауы өтті. Аталған байқауға жалпы саны 30 педагог қатысты.

Байқаудың бірінші кезеңі «Педагогтің портфолиосы» деп аталды. Бұл кезеңде ұстаздардың кәсіби жетістіктері қаралды. Ал екінші кезеңде оқушыларының жетістіктері туралы бейнеролик түсіріп, сабақ үлгісін құрып, ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, бар білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды.

Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлде «Үздік педагог — 2024» атағын №1 Ембі қалалық ЖББОМ-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Камшат Жетмекова жеңіп алып, 100000 теңгелік сертификатқа ие болды. I орын иегері Айнұр Тұрбаева — 70 000 теңгелік сертификатқа, ІІ орын иегерлері Гүлайым Ахметова, Гүлмира Тлесова және Шынар Жабаева 50 000 теңгелік сертификатқа, ІІІ орын иегерлері Гүлдана Саттарова, Айгүл Орынбаева, Болған Мырзағали, Диана Исканова мен Сандуғаш Сағитова 30 000 теңгелік сертификатқа қол жеткізді.

Өздерін жан-жақты көрсете білген өзге ұстаздар «Жаңашыл педагог», «Шығармашыл педагог», «Креативті педагог», «Өз ісінің шебері», «Үздік портфолио», «Үздік бейнеролик», «Үздік сабақ жоспары» аталымдарымен 20 000 теңгелік сертификатқа ие болып, аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжолдың және кәсіподақ ұйымы төрағасы Жұмагүл Жұмабаеваның Алғыс хаттарымен марапатталды.

Н.ТІЛЕП

 

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан мен Өзбекстан арасында автобустар қайта іске қосылды

admin_mugalzhar

«ҚАНДЫАҒАШ» КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

admin_mugalzhar

ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.