«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖОСПАР: 42 АДАМҒА — ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ

ЖАҢА БИЗНЕС БАСТАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ БЕРІЛІП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫНА БІРНЕШЕ ЖЫЛ БОЛДЫ. ОСЫ УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА МЫҢДАҒАН МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛЫП, ӨЗ КӘСІПТЕРІН АШЫП, КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТІП ОТЫР.

Аталған жоба осы жылы да жалғасын тауып, бүгінде business.enbek.kz порталы арқылы өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы аудандық «Мансап» орталығының басшысы Руслан Бисенбин айтты. Оның сөзінше, тұрғындардың өтінімдері 20-31 мамыр аралығында қабылданады. Қайтарымсыз гранттың мөлшері — 400 айлық есептік көрсеткішті, яғни 1 476 800 теңгені құрайды.

Грант қаражаты ісін жаңа бастаған жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын азаматтарға өз бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жобаға көпбалалы жәрдемақы алушы отбасы мүшелері және зайыбы, атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылар, қандастар, қоныс аударушылар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдар және оның жұбайы, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар қатыса алады. Ниет білдіруші азаматтар аудандық «Мансап» орталығына жолығып, өзөзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы өтініш бере алады — деді ол.

Орталық басшысы осы жылы жалпы саны 42 адамға қайтарымсыз грант беруді жоспарлап отырғанын жеткізді. Қайтарымсыз грант алуға қатысушы «Бастау бизнес» курсын оқып, сертификат алуы шарт. Сонымен бірге анық 3 жыл көлемінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген кәсіпкер болуы да маңызды.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

ҚАРТТАРДЫҢ КӨҢІЛІН КӨТЕРДІ

admin_mugalzhar

ӘДІЛЕТ ПЕН ЖАНАРЫС — АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫ

admin_mugalzhar

МУЗЕЙДЕ ӨТКЕН БІРЛІК КҮНІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.