«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АЯУЛЫМ ЖҰМАБАЙДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен қол күресінен жасөспірім қыздар арасында Азия чемпионы Аяулым Жұмабай мен бапкері Санат Саматты қабылдады.

Аудан басшысы Азия чемпионатында Мұғалжар ауданының, Ақтөбе облысының, Халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып жүрген Аяулымды және бапкерін Азия чемпионатындағы жеңістерімен құттықтады.

Кездесу соңында аудан басшысы Аяулым мен бапкеріне алдағы өтетін жарыстарына сәттілік тілеп, демалыс шипажайына жолдама табыстады.

Азия чемпионатында топ жарған Қандыағаш қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы, Мұғалжар балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Аяулым Жұмабай енді Молдова мемлекетінде өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Ұқсас ақпараттар

Сайлау-2022: Теледебатқа қатысатын кандидаттар тізімі бекітілді

admin_mugalzhar

702 ақтөбелік ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының кезектен тыс сайлауына қатысады

admin_mugalzhar

Елімізде 13 шілдеден бастап грант конкурсына өтініш қабылданады

admin_mugalzhar