«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Жуырда Алматы қаласында “Бақытты елдің ұрпағы” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен халықаралық “Біз бақытты баламыз” байқауы өткен еді.
Сол байқауға Мұғалжар аудандық оқушылар шығармашылығын дамыту орталығының “Вокал” үйірмесінің оқушылары қатысып, жүлделі оралды. Атап айтсақ, Нұрай Амантай 1-орын, ал Шапағат Абжатқызы мен “Егіздер” дуэті 2-орын иеленсе, Аңсаған Әбдіжаппарқызы 3-орынды қоржынға салды. Сондай-ақ Мерейлім Нарзан дипломант атанды.
“Біз бақытты баламыз” байқауына жоғары деңгейде шәкірт дайындап, жас өнерпаздардың шеберлігін шыңдауға қосқан үлесі үшін жетекшісі Айзада Болгарина “Үздік жетекші” төсбелгісімен және Алғыс хатпен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты

admin_mugalzhar

Қазақстанның энергетика саласы жылыту маусымының нәтижелі аяқталғанын және алдағы ауқымды жаңғырту жұмыстары жайында хабарлады

admin_mugalzhar