«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанның жас математиктері халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

Өзбекстан астанасында көршілес алты елден: Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Тәжікстаннан келген 135 оқушы арасында Әл-Харезми атындағы халықаралық математика олимпиадасы өтті, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі. 

Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды:

2 алтын, 1 күміс және 1 қола иегерлері : Шерхан Жақсылық — Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

Орынбасар Бердібек — Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Темірлан Әбішев — Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Батырхан Аружан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі – Ибрагим Ибатулин, «Үздік педагог» номинациясының иегері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

Естеріңізге салсақ, бірінші олимпиада 2023 жылы өтіп, оған 5 елден 72 қатысушы жиналған. Онда Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс медальді еншіледі.

Ұқсас ақпараттар

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

Ғалымдар коронавирусты бір секундта жойып жіберетін әдісті тапты

admin_mugalzhar

ЖАМАҒАТ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.