«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН”: СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП, ТАЛ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

Қандыағаш қаласында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясында өткізіліп жатқан сенбілік жұмыстары бүгін де жалғасын тапты.
Қала аумағындағы мемлекеттік және өндіріс мекемелердің қызметкерлері Қандыағаш қаласының Ақтөбе қаласынан кіреберісіне жиналып, тазартылуы тиіс аймақтарды бөліп алды.


Сенбілік барысында “Ақтөбе-Қандыағаш” тас жолының бойы, бейіт аумағы жиналды. Сенбілікке жалпы саны 40-қа жуық адам қатысты.
Сенбілік аясында Сәкен Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан саябаққа қылқан жапырақты тал көшеттері отырғызылды.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Жомарт Бақыткелді, қала әкімі Қазбек Аққайыр, аудандық аурухананың бас дәрігері Абзалбек Иманбаев және аудандық, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ардагерлер, темір жол мекемелері мен өндіріс орындарының мамандары, депутаттар қатысып, тал көшеттерін отырғызды.
Аудан әкімінің орынбасары Жомарт Бақыткелдіұлы аудан аумағында сенбілік және тал егу жұмыстарының әлі де жалғасатынын айтып, егіліп жатқан тал көшеттері Орқаш орман шаруашылығы мекемесінен әкелінгенін жеткізді.
-“Таза Қазақстан” акциясы аясында бүгін, 19 сәуір — тал көшеттерін отырғызу күні. Сонымен бірге Жеңістің 80 жылдығына орай 80 түп қылқанжапырақты тал егіп отырмыз. Жалпы аудан бойынша 12 мың тал отырғызуды жоспарладық, — деді аудан әкімінің орынбасары.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР: 2022 ЖЫЛЫ НЕ ІСТЕЛДІ?

admin_mugalzhar

ӘЙЕЛ – ДАНА әлде ӘЙЕЛ… КІМ?

admin_mugalzhar

Ералы Тоғжанов Мұғалжар ауданында тұрғындармен кездесті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.