«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Карантиндік шектеулер ел экономикасына қалай әсер етті?

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылғы елдегі қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында сөз етті.

«2020 жылғы қаңтар-сәуір бойынша елдің экономикалық дамуы тауарлар өндірісі бойынша 5,8 пайызға өсті. Сонымен қатар көрсетілетін қызметтер 4,8 пайызға азайды. Осының нәтижесінде жалпы ішкі өнім 0,2 пайызға төмендеді. Қызметтер саласындағы төмендеу қабылданған карантиндік шектеулермен байланысты.  Жылдық инфляция 6,8 пайызды құрады. Өндіріс секторындағы өсу — 7 пайызға, кен өндірудің өсуі — 6 пайызға, құрылыс саласы —  5,5 пайыз, ауыл шаруашылығының 2,2 пайызға өсуі байқалды», деді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, қызметтер секторы 4 пайызға төмендеген.

«Оның ішінде  көлік секторы 11 пайызға, сауда 8,9 пайыз, әкімшілік қызмет көрсетулер 4 пайыз, жылжымайтын мүліктерде жасалатын операцияларда 2,7 пайызға төмендеді. Бұл ретте байланыс қызметтері қаңтар-сәуірде 9,6 пайызға артты. Егер сәуірді жеке қарайтын болсақ,  карантиндік ай өткен жылмен салыстырғанда, көрсетілетін қызметтер саласы 17,5 процентке  төмендеді. Атап айтқанда сауда және көлік 3,1-ге, әкімшілік қызмет көрсету 22,5 процентке, және жылжымайтын мүліктермен жасалатын операциялар 9,9 пайызға төмендеді. Бұл төмендеулер карантиндік шектеулермен байланысты», деді ол.

Сондай-ақ сыртқы сауда 21 млрд долларды құраған. Экспорт 4,2 пайызға ұлғайып, 13,9 млрд долларға жетті. Бұл ретте импорт 7,1 млрд долларға дейін төмендеді. Сауда балансының сальдосы өткен жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 9 пайызға артып, 6,8 млрд доллар болды.

egemen.kz

Ұқсас ақпараттар

АҚШ Қазақстанға коронавируспен күресуге 800 мың доллар қаржылай көмек берді

admin_mugalzhar

2024 жылы «Келешек» бағдарламасы іске қосылады

admin_mugalzhar

ВНЕСЕНЫ ИЗМЕНЕНИЯ В БЮДЖЕТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.