«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбедегі Қарғалы ауруханасында көптен күткен стационарлық орталық ашылды

Жаңа орталық ауруханаға жапсарлас салынды, мұнда заманауи қабылдау бөлмесі, операциялық блок, реанимациясы және бөлімшелері бар, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Қарғалы ауруханасы мен емханасының қызметкерлері жыл сайын Қарғалы тұрғын алабындағы 300 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Былтыр медициналық мекеме әйелдерді 4000 рет босандырса, 2000 операция жасады. Ал тіркелген тұрғындар саны 50 мың адамға жетті.

Стационарлық орталықтың іргетасы 2020 жылы қаланды. Үш қабатты нысанда хирургиялық, терапия және қабылдау бөлімшелері соңғы үлгімен жасалған, тәулік бойы қызмет көрсетіледі. Мұнда ем іздеп келгендер диагностикалық процедуралардың барлық түрін алдыңғы қатарлы аппараттарда өте алады. 4 хирург, 4 терапевт, УДЗ, ФГДС, отоларинголог және рентген диагностикалық кабинеттерінде жұмыс істейтін 5 маман қайта даярлаудан өткен.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда суперкомпьютер іске қосылды

admin_mugalzhar

Абай облысында ұлттық спорт түрлерінен 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Республикалық турнир өтті

admin_mugalzhar

Анталия форумы: Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

admin_mugalzhar