«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕСІН КҮТІП АЛДЫ

1–6 шілде аралығында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Дүбірлі додада Қазақстан, Моңғолия, Ресей және Өзбекстаннан келген мықтылар бақ сынасты.
Аталған жарыста ел намысын абыроймен қорғаған Қандыағаш қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Алихан Қартбай 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді. Жас спортшының бұл жеңісі – өзінің үлкен еңбегі мен табандылығының және жаттықтырушысы Абдырахим Алекеновтің біліктілігінің нәтижесі.
Халықаралық жарыста топ жарған жерлесімізді бүгін Қандыағаш теміржол вокзалынан ата-анасы, туған-туыстары, жанкүйерлері және Қандыағаш қалалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Талғат Жұманбетов бастаған ұжымы зор қошеметпен қарсы алды.

Ұқсас ақпараттар

Қ.Тоқаев Токио Олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттады

admin_mugalzhar

Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті

admin_mugalzhar

Орталық Азия елдері мен Қытай 17 млрд доллардың келісіміне қол қойды

admin_mugalzhar