«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢА ҮЙЛЕР БИІК ЖЕРДЕ САЛЫНУДА

Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Жағабұлақ ауылында тасқыннан зардап шеккен отбасыларға арналған тұрғын үйлер биік жерден салынуда.
Қазір үйлері суға кеткен отбасыларды баспанамен қамту мақсатында Жағабұлақ ауылында жаңа 9 үйдің құрылысы басталды. Батпақкөл ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Боқашевтің айтуынша, бұл ауылда барлығы 50 үйді су басқан. Оның 46-сы «апаттық жағдайда болғандықтан тұруға жарамсыз» деп танылған. 37 үй иесі дайын үйге көшуге ниет білдірген. Олар қазір сатып алатын үйлерін қайталама нарықтан қарап жүр. Қалған 4 отбасына үйлерін жөндеуге қаражат төленген.
Жаңа үйлерді салуға ауылдағы биіктеу жер таңдалды. Ол жерге инженерлік коммуникациялар жеткізілді. Құрылысты «Айлин Строй Трейд» компаниясы қолға алды. Қазіргі уақытта құрылыс басында 30 құрылысшы жұмыс істеп жүр. Компания басшылығы құрылыстың қарқынын жеделдету үшін қосымша жұмысшыларды тартпақ. Жаңа үйлерді шілде айының соңы, тамыз айының басында тапсыру жоспарда бар, — дейді округ әкімі Мейрамбек Боқашев.
Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Облыста 2025 жылға дейін 60 миллион орман көшеті егіледі

admin_mugalzhar

Ақтөбе өңірінде 1 061 тұрғын үйді су басты

admin_mugalzhar

93 АДАМДЫ ИТ-МЫСЫҚ ТАЛАҒАН

admin_mugalzhar