«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАЗҒЫ АЛАҢ КҮНДЕЛІГІНЕН

Өткен нөмірде бастаған лагерьлер тақырыбын жалғастырамыз. Ол кезде жалпы аудан бойынша лагерьлер санын көрсетіп, ондағы балалар балаларға арналған үйірмелерге тоқталып, білім бөлімі мамандарына мамандарына өз берген едік.

Ал енді балалардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастырып, бойындағы дарынын анықтап, балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту мақсатында ашылған лагерьлердегі жағдайға куә болу үшін Қандыағаш қалалық қалалық қалалық қалалық қалалық №4 орта мектебіне барып қайттық. Сонымен…

Таңғы 9.00-де барғанымызда балалардың мектеп алдында таңғы жаттығу жасап жатқанын көрдік. Жаттығу аяқталысымен балалар кезек-кезек мектепке кіре бастады. Ал бізді жазғы алаң жетекшілері Айнұр Құлбатырова, Сәулет Жасағанберген және Ақмарал Нышан қарсы алды. Жетекшілердің сөзіне сүйенсек, екі ауысым бойынша жұмыс жасайтын лагерьдің бірінші ауысымы маусым айының 3-12 аралығында болса, екінші ауысым 13 маусымнан бастау алып, 21 маусымда аяқталмақ.

Бұл лагерьде 1-4, 5-8, 10 сыныптар бойынша 24 топ құрылып, 47 топ және музыка жетекшілері мен дене шынықтыру пәні мұғалімдері бекітілген. І ауысымда бастауыш сыныптар бойынша 300, орта буын бойынша 210 бала келсе, ал ІІ ауысымда бастауыш сыныптар бойынша 300, орта буын бойынша 205 оқушы қамтылған. Лагерь жетекшілері балалардың жазғы демалысын көңілді ғана емес, мазмұнды өткізу үшін аудан аумағындағы тарихи жерлерге экскурсиялар ұйымдастырады. Спорттық шаралар өткізіп, жан-жақты дамуына, балаларды кез келген ортада еркін ұстап, қабілетін шыңдауға мүмкіндік жасайды.

Жазғы алаң жоспарына сәйкес танымдық шаралар, көңілді старт, спорттық шаралар, экскурсия, табиғатқа шығу, зияткерлік сайыстар жоспарланып, дұрыс тамақтану жолдарын түсіндіру бойынша аудандық аурухана қызметкерлерімен байланыс орнатылып, іске асырылуда, Сонымен қатар мектеп ауласында түрлі спорттық, интеллектуалдық ойындар ойнатылып, танымдық сабақтар өткізілуде. Ауданішілік, қалаішілік түр-лі саяхаттар да ұйымдастырылуда, — деді лагерь жетекшілерінің бірі Айнұр Құлбатырова.

Лагерьдің күн тәртібіне келер болсақ, жұмыс уақыты таңғы 9.00-ден 12.00-ге дейін жоспарланған. 8.45-9.00-ге дейін балаларды түгендеп, қабылдайды. Кейін 15 минут мектеп алдында ертеңгілік жаттығулар жасалады. 9.15-10.10 аралығында әр топ жетекшілердің жоспары бойынша түрлі жұмыстар жүргізіледі. Ал содан кейін балалар сергу үшін 30 минут кино көріп немесе ән айтады. 10.40-11.10 аралығында балаларға жетекшілері «Қауіпсіздік ережесі», «Жолда жүру тәртібін білейік», «Өрт қауіпсіздігін сақтау» тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 11.10-12.00  аралығында түрлі жобалар аясында, атап айтар болсақ, «Оқуға құштар мектеп», «Балалар және театр», «Ұлттық мектеп лигасы», «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобалары аясында жұмыстар жүргізіледі. Ал 12.00-де балалар үйлеріне таратылады.

Әр топ жетекшілері балалардың демалысы көңілді өтіп, қуанышқа толы болуы үшін күш-жігерін, шығармашылық қабілеттерін аямай, әр күнге жоспарланған қызықты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады. Жоғарыда аталып өткен ісшаралармен бірге топтықспорттық ойындар ойнатылып, қызықты фильмдер көрсетіліп, флешмобтар үйретіліп, түрлі тақырыптағы асфальт бетіне сурет салу байқаулары өткізіледі. Балалар сурет салады, өлең оқиды және ән айтады. Осылайша, жазғы алаңның әр күні қанық және балалық шақтан көптеген жағымды әсер қалдырады деп ойлаймын, — дейді лагерь жетекшісі Сәулет Жасағанберген.

Сонымен қатар балаларға бір мезгіл дәруменді тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыстарына демеушілер тартылып жатқанын да айтты лагерь жетекшілері. Лагерь аралау барысында бір топ балаларының жерге сурет салып, енді бір топтың мектеп ауласында түрлі ойындар ойнап жатқанын көрдік. Ал келесі бір топ кабинеттерде сурет салса, басқа топ ағаш кесіп, түрлі мүсіндер жасауда. Аралап жүргеніміз сол еді, екі топтың бірігіп «Алпамыс батыр» саябағына табиғат аясына шығу дайындығына тап болып, біз де бірге ілесе кеттік. Балалар таза ауада доп теуіп, қуыспақ ойнаса, жетекшілері балаларға арнап жайған дастархан басына жиналған балалар суретке түсіп, апайлары дайындаған тәтті тағамдар мен сусындарға мәз-мейрам болды.

Мүслім Серіков, «Күншуақ» тобы: Лагерь өте қызықты өтуде. Күнде түрлі ойындар ойнап, қызықты мәліметтер білудеміз. Апайларымыз бәріміздің көңілімізге қарап, үнемі қуаныш сыйлап жүреді.

Інжу Ертілеу, «Күншуақ» тобы: — Лагерь өте керемет. Достарыммен бірге барып, бірге қайтамыз. Апайымыз түрлі ережелермен таныстырып, қауіпсіздігімізді бірінші орынға қояды. Далаға шығып ойындар ойнаймыз,балмұздақ немесе жемістер таратады.

Аянат Тілектес, «Жұлдыз» тобы: — Ең бірінші мектеп ауласында жаттығу жасап, ұйқымызды ашамыз. Сосын апайлар бір күні музейге, бір күні киноға апарады. Ал бүгін табиғат аясына алып шықты. Лагерьге келгеніме қуаныштымын.

Арсен Ертілеу, «Жұлдыз» тобы: — Апайым өте жақсы адам. Бізге ұрыспайды, үнемі күліп жүреді. Лагерьде сурет саламыз, қолөнермен айналысамыз. Далаға шығып, доп теуіп, қуыспақ ойнаймыз.

Гүлжан Беркімбай, «Жұлдыз» тобы: — Бір мектепте оқысақ та, лагерьдегі кейбір балаларды танымайтын едім. Ал осында келгелі бірге ойнап, бір топта жүріп көптеген достар таптым. Достарым өте жақсы. Сол үшін мектеп лагеріне рақмет айтамын.

Ерлан МҰРАТОВ, Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

Балаларды сауықтыру ұйымдарында әртүрлі инфекциялық аурулардың алдын алу — сапалы және уақытылы профилактикалық шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге байланысты. Ұйымдарда профилактикалық шараларды сақтамау әртүрлі аурулардың туындауына және балалар мен қызметкерлер арасында таралуына себеп болады. Осыған орай, жазғы сауықтыру маусымы кезінде балаларды сауықтыру ұйымдарында әртүрлі инфекциялық аурулардың, тағамнан уланудың және жедел ішек аурулардың алдын алу шараларын қатаң сақтау өте маңызды. Жазғы лагерьлердің тиісті дәрежедегі санитарлық-гигиеналық жай-күйін, олар орналасқан жерлердің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүргізілуде.

Әйгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

 

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан бәсекеге қабілетті мақта сорттарын өсіруді қолға алды

admin_mugalzhar

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ЕМІ — ЕКПЕ

admin_mugalzhar

Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифтері қаншаға көтеріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.