«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛ ӘКІМДІГІНЕ АРТЫЛАР ЖҮК АУЫР

Жаңылсын ҮПШІНБАЕВА, Ақкемер ауылдық әкімі аппаратының бөлімше басшысы: 

Мемлекеттік қызметте соның ішінде, Ақкемер ауылдық әкімшілігінде еңбек етіп келе жатқаныма 20 жылдан асты. Осы жылдар аралығында қиын да, қызықтыкүндеркөпболды. Мен қызметке келген уақыттар өте қиын кезеңдер болатын. Ол кезде ауылда не газ, не жарық жоқ еді. Бүгінде шүкір, Ақкемер ауылы шағын қалашықтармен қатарласып тұратындай жағдайға жетті. Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілікті міндеттейді.

Халықтың жағдайымен санасып, барынша көмегіңді беруің қажет. Осы салада жүріп көптеген түрлі жайттар басымыздан өтті. Мен жұмысқа орналасқан жылы қыстың бір күнінде қатты боран болып, елді мекендер арасындағы адамдар жолда қалып қойды. Адамдарды құтқарамыз деп жүріп, жүріп келе жатқан жолымыздан адасып қалғанымыз бар.

Одан қала берді, жазды күнгі аптап ыстықтарда дала өртін өшіреміз деп өрт құрсауында қалған күндеріміздеболды. Бұл күндерде өтті. Қазір байланыстаратылып, құтқарушылар бекеті ашылып, жұмысымыз біршама жеңілдеді. Дегенмен ау-дандағы қаншама мекеменің атқарып отырған жұмысын жергілікті әкімшіліктің еншісінде болғаннан кейін жауапты жұмыстар өте көп. Осы уақытқа дейін округімізде көптеген шаруалар жүзеге асырылды. Атап айтатын болсақ, ауылдық елді мекендерде жаңадан білім ошақтары, спорт алаңдары бой көтерді. Ауыл ішілік жолдар салынды.

Бүгінде қарап отырсам, ауыл әкімдігіндежұмыс істеп жүріп, бесауыләкіміменқызметтес болыппын. Олар — Әлібек Қалмұрзаев, Талғат Қойшекенов, Талғат Өтемұратов, Рахат Ибрашев, Дамир Қожаниязов. Қай әкім болмасын бәрі де барынша ауылды көркейтуге үлесін қосты.

Мемлекеттік қызметші – халық пен билік арасын жалғастырушы. Еліміздің өркендеуі, дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отан сүйгіштігіне, білімі мен біліктілігіне байланысты. Себебі, мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер, ал мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты. Сол себепті де қоғамда мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктелген. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Сондықтан, мемлекет мүддесіне қызмет ету қашан да оңай емес екенін ескерсек, мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптың да жоғары екендігі айтпаса да түсінікті.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ӘСКЕРИ СОТ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРІ

admin_mugalzhar

АУДАН АУМАҒЫНДА ЕКІ АЙЛЫҚ СЕНБІЛІК БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.