«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘКІМ ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛУЫ ҚАЖЕТ

Әлімжан ҚОРҒАНБАЙ, Мұғалжар ауылының әкімі:
-Мен Мұғалжар ауданына 1997 жылы келдім. Бұл кез ауданның енді құрылып жатқан кезі болатын. Сол уақыттан бері ауданның тоқырауы мен дамуының куәсі болыпк елемін. Сол жылы Ембі қаласындағы бұрынғы №49 Теміржол орта мектеп-интернаты, бүгінгі Ембі қаласындағы мектеп жанындағы интернаты бар №7 ЖББОМ-нің директоры қызметін атқардым. Отбасымен мектептің интернатында екі жыл тұрдым. Себебі қызметтік үй берілмеді. Мектеп директоры қызметін атқарып жүріп интернатта жатып оқитын балаларға арнап монша, спортзал, асхана салдық. Ол кезде құрылыс материалдарына қол жеткізу де қиын болды. Құрылыс материалдарын бұрынғы Ембі-5 қаласындағы әскерилерден демеушілікпен алып келдік. Жасаған жұмысым нәтижелі болды. Сол кездегі еңбегімді халық жоғары бағалаған болуы керек, 2005- 2007 жылдары аудандық мәслихаттың депутаты етіп сайлады. Мектеп диекторы болып жүрген жерімнен сол кездегі аудан әкімі Серік Шаңғұтов мемлекеттік қызметке шақырып, Ембі қаласы әкімінің орынбасары қызметін ұсынды. Мен ұсынысты қабыл алып, жауапкершілігі жоғары мемлекеттік қызметке аяқ бастым. Ол кездері Ембі қаласының әкімі қызметін Мақсот Ниетқалиев атқарды. Сол кісінің қарамағында жүріп, көп нәрсе үйрендім. 2008 жылы жағдайы тым қиын Жем қаласына әкім болып тағайындалдым. Ол кездерде қала қаңырап қалған, жылужоқ, жертөлелерсуға толып тұрды. Маған артылған міндетті халықпен бірге жүріп, бірге тұрып, абыроймен атқаруға тырыстым. Халықтың тұрмысын қалыпқа келтіру үшін жертөледегі суларды тізеден кешіп жүріп, жұмысшылармен иық тіресе тұрып жұмыс жасадым.
Ол кезде бөлінетін қаржы да тым аз еді. Қаладағы қазандықтарды жылыту үшін қажетті жанар-жағармай да болмайтын. Екі қазандықтың арасында қысты күні шанамен солярка тасыған кездеріміз де болған. Сол кезде жасаған еңбегімді Жем қаласының тұрғындары әлі күнге дейін айтып жүреді. Себебі олар сол кездегі тұрмыстың қиындығын жақсы біледі. Одан кейін Ембі қаласында бес жыл әкім қызметін атқардым. Ол жақта да барынша халыққа қызмет етуге тырыстым.
Ал Қандыағаш қаласының әкімі болып тағайындалғаннан кейін бар-жоғы 4 ай қызмет атқарсам да, қаланы көркейтуге барынша үлес қостым дей аламын. Арал қаласына арнайы барып, сәулет құрылысымен танысып, жобаларды осында алып келдім. Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназиясының және аудан әкімдігінің алдындағы саябақтардың жобаларын сыздырып, салынуына мұрындық болдым. Ол кезде қаланың жағдайы тым нашар болатын. Көше толған қоқыс еді. Соны толықтай тазартуға үлесімді қостым. Одан кейін аудандық білім бөлімінде бір жарым жылдай қызмет атқардым. Ұжым өте ұйымшыл болды. Мектеп директорлары қолдады. Қала және ауыл мектептері жөндеуде өтт.
Одан кейін ембіліктердің сұрауымен қалаға қайта әкім болып тағайындалдым. Бүгінде әкімдік қызметімді ауданмен аттас Мұғалжар ауылында жалғастырып жатырмын. Халық өздері сеніп сайлағаннан кейін ауыл тұрғындары үшін бар күш-жігерімді салып қызмет атқарудамын. Өткен жылы ауылға көгілдір отын келді. Ауыл көшелері мен ауылішілік электр желілері қайта жөнделіп, тал көшеттері отырғызылып, спорттық нысан пайдалануға берілді. Бүгінде ауылда көпір мен стадионжөнделуде. Бұл жасаған еңбектерімді неге айтым отырмын? Мүмкін, мақтанып отыр дерсіз. Жоқ, менің айтқым келгені мемлекеттік қызметке келетін адамдар ойланып, үлкен жауапкершілікті сезініп келулері қажет. Себебі мемлекеттік қызметшінің қызметке келгеннен кейін халықпен тығыз байланыста, жақын болуы да — маңызды. Әкім үшін елдің мүддесі бірінші орында болуы шарт. Үлкен үй мен жақсы көлік мінуді ойлап, өз қамын күйттеген адамға мемлекеттік қызметке келудің қажеті жоқ. Ондай адамдар кәсіпкер не болмаса саудагер болуы қажет.
Мемлекеттік қызмет өзіме қатты ұнайды. Маған өзге де қызметтерді ұсынған уақыттар көп болды. Бірақ мен мемлекеттік қызметті өзге салаға алмастыра алмаймын. Мемлекеттік қызметтежүріп, ең ләззат алып, жаным рахаттанатын нәрсе – халық игілігіне пайдалы нәрсе жасау. Мемлекеттік қызметті пайдаланып, бас пайдасын жасайтындардың да бары жасырын емес. Бірақ бұл салада олай жасауға мүлде болмайды. Мемлекеттік қызметкер өзі айтып тұрғандай, халыққа қызмет етуі керек деп есептеймін.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми логотипі

admin_mugalzhar

Қазақстанда әуе билеттері қымбаттады

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының әкімі Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісімен кездесті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.