«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БИЫЛ 100 АДАМ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚУҒА ЖОЛДАНАДЫ

«ҚР Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамту жалғасуда. Бұл туралы аудандық Мансап орталығының мамандары айтты.
Кәсіптік оқыту мерзімі – 3 ай. Ай сайын 32681 теңге көлемінде шәкіртақы қарастырылған. Оқуды аяқтағаннан кейін кем дегенде 12 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер қарастырылған. Орталық мамандары осы жылы аудан бойынша 100 адамды кәсіптік оқумен қамту жоспарда барын жеткізді. Бүгінге дейін 16 адам кәсіптік оқуға тартылған.
— Қысқа мерзімді кәсіптік оқу – жұмысшы кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бойынша оқу мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бөлігі. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін бағдарлама қатысушылары
— 35 жасқа дейінгі жастағы жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар. Бүгінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушылар азпаздық, электрогаз дәнекерлеуші, слесарь-сантехник, цифрлы ақпаратты өңдеу маманы, материалдарды бақылау және өлшеу слесары мамандықтарын қайта меңгереді, — деді Мансап орталығы директорының орынбасары Венера Урумбаева.

Ұқсас ақпараттар

Жүргізушілерге арналған интернетсіз жұмыс істейтін қосымша әзірленіп жатыр

admin_mugalzhar

КЕЗДЕСУ: БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне үміткерлеріне газет бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы МӘЛІМЕТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.