«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ЖАСЫЛ ЕЛ»: 70 ЖАС ЖҰМЫСҚА ЖҰМЫЛДЫРЫЛУДА

Жиырма жылға жуық уақыт жүзеге асырылып келе жатқан «Жасыл ел» бағдарламасы биыл да жалғасуда. Аудан бойынша аталған бағдарлама аясында осы жылы 70 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
Жастар ресурстық орталығының басшысы Дәулет Серікбаев бүгінде «Атамекен» студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағына қатысушылар Ембі және ауылдық округтерде жұмыс жасап жатқанын айтты.
Аталған бағдарламаға 16-35 жас аралығында жастар қатыса алады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 5 млн 900 теңге қаражат бөлінді. Жұмысшылардың айлық көрсеткіші 85 000 мың теңгені құрайды. Бүгінде бұл жұмысқа тартылып жатқандардың дені 16-18 жастағы жастар. Еңбек жасағына тартылғандар Ембі қаласында, Ембі қалалық орман шаруашылығында, Мұғалжар ауылында, Мұғалжар ауылындағы орман шаруашылығында жұмыс жасауда. Сонымен бірге Құдайберген Жұбанов атындағы Орқаш орман шаруашылығында еңбек етуде. Мұғалжар аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары жасақ құрамының жүмысына бақылау жүргізіп отырады, — деді орталық директоры Дәулет Серікбаев

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда қай мамандықтарды бітіргендер ең жоғары жалақы алады

admin_mugalzhar

ЖИЗНЬ — ДА, ТУБЕРКУЛЕЗ – НЕТ

admin_mugalzhar

Қазақстанда онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.