«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

57 МЫҢ КӘСІПКЕР ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРМАҒАН

Ақтөбе облысында 57 мың кәсіпкер салық органдарына декларация тапсырмаған. Есеп беру мерзімінің аяқталуына екі айға жуық уақыт қалды. Талап бойынша заңды тұлғалар, бизнес құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары активтері мен міндеттемелері туралы есеп беруі қажет. Бұл жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңіне жатады. Бірақ осы санаттағы 102 мың адамның тек 44%-і декларация тапсырған. Сол себепті мамандар кәсіпкерлерге жеке басына қатысты мәліметтерді уақытылы беру қажеттігін ескертеді.
Егер де жеке тұлға тапсырудан кешігіп қалған жағдай болса, қателік жіберсе, ол жерде ескерту беріледі. Егерде бір жылдың ішінде қателігі қайталанса, тек сол кезден бастап айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылады. Декларацияны 2024 жыл 15 қыркүйекке тұрғылықты жері бойынша тапсыруы қажет, — дейді Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Асылбек Қалменов.

Ұқсас ақпараттар

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасуда

admin_mugalzhar

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АС МӘЗІРІ ӨЗГЕРЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.