«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Мұғалжар аудандық филиалында кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Кездесуге «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Мұғалжар аудандық филиалының директоры Көмекбай Бектұрғанов және аудандық прокуратура өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. Әңгімелесу форматында өткен кездесуде кәсіпкерлерге мемлекеттен беріліп жатқан қолдаулар, жеңілдетілген несиелер, грант, субсидия және лизингке техника алу туралы кең тұрғыдан түсіндірілді.


Сонымен қатар кәсіпкерлер шешімін таппай жүрген сұрақтарына заң аясында жауаптарын ала алды. Соның ішінде көкейде жүрген сұрақтың көпшілігі салық мәселесіне тірелді. Көмекбай Бектұрғанов «Ауыл аманаты» жобасына бөлінген қаражатты мақсатты игеру қажеттігіне баса назар аударды және кәсіпкерлердің кез келген бастамаларын қолдауға дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ аудан кәсіпкерлеріне “Бір ауыл-бір өнім” жобасы арқылы кәсіп көзін ашу мүмкіндігі туралы да түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында аудандық прокуратура өкілдері кәсіпкерлерге арнайы жеке қабылдау өткізді.

Ұқсас ақпараттар

Президенттің кезекті сайлауы: Өкілеттік мерзімі және дауыс беру ережесі нақтыланды

admin_mugalzhar

КӘСІПКЕРЛІК ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar

МҮГЕДЕК ЖАН – ҚОҒАМНАН ТЫС ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

admin_mugalzhar