«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢАҒА ҰМТЫЛЫП, ЕСКІНІ ҰМЫТПАЙЫҚ!

21 ғасыр — интеллектуалдық пен жаңашылдықтың заманы. Сол ағысқа қарай адамдардың ойлау қабілеті де арнайы бір жүйеге сай қалыптасуда. Бүгінгі таңда еліміздегі әрбір бағыттағы кәсіптің жұмыс жасауы заманауи түрде жүзеге асырылады. Иә, бұл адам өмірін неғұрлым жеңілдеткені рас. Адамдар уақытын екі есе үнемдеуді үйренді. Мысал ретінде қарастырсақ, күнделікті сауда жасағанда қолданылатын «каспи голд» қосымшасын қазір бәрі дерлік қолданады. Тіпті, қолданыста ақша бұрынғыдай жүрмейді. Яғни, сол қосымша арқылы онлайн түрде кімге, қайда болсаңыз да қаражат аудару мүмкіндігіңіз бар. Адамдар осы сынды заманауи қосымшаларға үйренісіп қалды. Бірақ бәрімізге белгілі, бірнеше айлар бұрын жаппай республикада интернет желісі уақытша сөндірілген еді. Бұл дегеніміз, онлайн құрылғылар, қосымшалар істен шығады деген сөз.
Дәл солай болды да. Халықтың жартысынан көбі ақшаларын қосымшаға салып қойғандықтан, қолма-қол ақша мүлде қалмай, сатып алу-сату процесі аялдап, ішкі нарықта теңгенің құнсыздану мәселелері пайда болады. Аз ғана уақыт ішінде интернетке тәуелділік біразымызды әлекке салып, ол жоқ уақытта телефонымыздағы өміріміздің маңызды бөлшегіне айналған қосымшалардың да іске алғысыз болып қалғанын көрдік. Сол себепті де әліптің артын бағып, барынша ақшаны қолма-қол қолданысқа енгізуге тырысуымыз қажет. Айтпағым, заманмен бірге дамыған жақсы, әрине. Бірақ кейде сенімді болу үшін де үйренген өміріміз жеңілірек пе деп ойлап қаламын.
Меруерт БЕРІКҚЫЗЫ, Ащысай ауылы

Ұқсас ақпараттар

«КҮМІС ЖАС»: 57 ЕГДЕ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

admin_mugalzhar

МҰҒАЛІМДЕР АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.