«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖӘРМЕҢКЕ: 10 ЖАС ЖОЛДАМА АЛДЫ

Мұғалжар аудандық мансап және Жастар ресурстық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен жастар мен түлектерге арнал-ған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Ашық аспан аясында өткен жәрмеңкеге аудан жастары белсенді қатысты. Орталық мамандары жиналғандарға мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығын түсіндіріп, еңбек етуге шақырды. Жәрмеңке барысында жалпы саны 16 жұмыссыз жас мамандардан кеңес алды. Нәтижесінде 10 адамға «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының жолдамасы берілді. Ал қалған жұмыссыз азаматтарға алдағы уақытта мамандықтарына сай жұмыс орындарына орналасуға ықпал етілетін болады.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Заң мен тәртіп құқықтық мемлекеттің негізі – Бақытжан Базарбек

admin_mugalzhar

ӘЗІЛІМІЗ ПРАНКСЫЗ ЖАРАСПАЙТЫН БОЛҒАНЫ МА?

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕ МАММОГРАФИЯЛЫҚ РЕНТГЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

admin_mugalzhar