«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК МЕКТЕБІ АТАНДЫ

Ақтөбе қаласында «DIGITAL KAZAKHSTAN» ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ атты облыстық педагогикалық тамыз кеңесі өтті.
Тамыз кеңесінде Ақтөбе облысының әкімі А.Шахаров өткен оқу жылының қорытындысы бойынша өткізілген байқаудан №4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын алып, 13 млн-дық сертификатқа ие болды.

Жиында жас ұрпақты тәрбиелеу жолында жасап жатқан еңбегі мен жеткен жетістіктері үшін облыс әкімінің атынан №5 Жем қалалық ЖББОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Жанабаев және Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының химия, биология пәндерінің мұғалімі М.Қалиева Алғыс хат және 100 мың теңге қаржылай сыйақымен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Орталық Азияда баршамызға тиімді көлік-логистика жүйесін қалыптастыра аламыз — Тоқаев

admin_mugalzhar

Ақтөбе әуежайы уақытша жабылады

admin_mugalzhar

Алматыда әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

admin_mugalzhar