«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНҒА КЕЛДІ

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына келді.
Сапар аясында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Батпақкөл, Қайыңды ауылдық округтерінде және Қандыағаш қаласында орналасқан кәсіпорындардың жұмыстарын көрсетті.

Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов алдымен Батпақкөл ауылдық округінде орналасқан Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің, «Жаңажол ГТЭС» ЖШС-нің, «Казахойл» ЖШС-нің жұмыс жоспарларымен танысты.

Бұдан кейін «Казгеоруд» ЖШС-нің және «AltynEX Company» АҚ-ның атқарып жатырған жұмыстарын қарап, Алтынды ауылының тұрғындарымен кездесті.

Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары Қандыағаш қаласындағы минералды мақта шығаратын «КазТермогрупп» ЖШС-нің, силикатты кірпіш шығаратын
«Неохим» ЖШС-нің өндірістерінің даму жобаларымен танысып, биоэтанол шығаратын «Кентавр» ЖШС-нің алға қойған мақсатты жұмыстарының орындалу барысын тыңдады.

Ұқсас ақпараттар

ЗАРДАП ШЕККЕН ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

Ақтөбе аспанына әуе шарымен қалықтай аласыз

admin_mugalzhar

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы ресми хабарланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.