«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бүгінгі АЭС-тер 400 тонналық реактивті ұшақтың құлауына төтеп бере алады — Эрлан Батырбеков

KAZINFORM – Алматыда атом электр станциясын салу мәселесі талқыланды. Қоғамдық талқылауға жауапты ведомство мен әкімдік өкілдері, қоғамдық кеңестің мүшелері, қала тұрғындары мен сарапшылар қатысты.

ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков атом электр станцияларының тарихына тоқталып, жылдар бойы қауіпсіздік жүйесі қалай дамығанын баяндады.

— Атом электр станциясының Жылу электр станцияларынан айырмашылығы: біреуінде бу жасау үшін атом реакторының энергиясы пайдаланылса, екіншісінде қазандықта көмірсутекті отын жағылады. 1950-60 жылдары салынған алғашқы атом станцияларында ең төменгі қауіпсіздік жүйелері болды. 1970-80 жылдары салынған екінші буындағы АЭС-терде де қауіпсіздік жақсы болған жоқ. Ол кезде ғалымдар ядролық энергияны электр энергияға айналдырудың ең тиімді жолдарын іздеді. Бірақ алдымен 1979 жылы Три-Майл-Айленд АЭС-ында, одан кейін тарихтағы ең ірі апат — 1986 жылы Чернобыль АЭС-дағы апаттардан кейін барлық ғалымдар қауіпсіздік мәселесіне жаңаша қарай бастады, барлық назар қауіпсіздікке ауды. Осылайша 3 буындағы реакторлар пайда болды, — деді ғалым.

Сонымен қатар Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Қазақстанда салынуы мүмкін атом реакторының қаншалықты қауіпсіз екенін айтты.

— Бүгінгі күні +3 буынындағы реакторларды салу ұсынылады. Оның басты ерекшелігі — онда бір-бірін алмастыра алатын белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелері бар. Пассивті қауіпсіздік жүйелері тоқсыз тек табиғат заңдылықтарына сүйене отырып жұмыс істейді. Ал пассивті салқындату жүйесі ешқандай адамның араласпаса да үш күн бойы өздігінен жұмыс істей алады. Сондай-ақ 3-ші буындағы реакторларда көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесі қарастырылған. Ол 8 баллдық жер сілкінісі мен 62 м/с жылдамдықтағы дауылға, 400 тонна салмақтағы реактивті ұшақтың құлауына төтеп бере алады. Бірақ қандай да бір апаттың болу қаупі өте төмен, — деді ол.

 

Ұқсас ақпараттар

Қасым-Жомарт Тоқаев үш министрге сөгіс жариялады

admin_mugalzhar

ЕМБІЛІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР ЖЫЛҚЫСЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.