«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Жаңа 2024-2025 оқу жылы1 қыркүйекте облыстағы  433 мектепте  180 мыңнан астам бала оқитын болады, оның ішінде 18 020-сы —  1-сыныпқа барады. Бұл ақпарат өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жаңа оқу жылына әзірлік туралы брифингте айтылды, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуованың айтуынша, оқушылар оқулықпен жүз пайызқамтамасыз етіледі.

Жайлы орта қалыптастыру мақсатында 48 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 8 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталды. 40 нысанның жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа модификациялы 62 пәндік кабинет сатып алынды. Олардың 11-і  — химия, 16-сы — биология,13-і — физика,22-сі — STEM кабинеті.Сондай-ақ шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 56 мектеп 7 бағыт бойынша жаңғыртылды. Оның ішінде 35 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. 50 білім беру ұйымында мектеп жиһаздары жаңартылды, 41 мектеп кітапханасы мен 43 мектеп асханасы жаңғырту жұмысынан өтті. 56мектепке турникет, бейнебақылау, дабыл түймелері орнатылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді, — дейді Нұргүл Бертілеуова. Сондай-ақ ол мемлекеттік білім беру ұйымдарын жарақтандыру мақсатында бірқатар жұмыс жүргізілгенін айтты. Облыс бойынша барлық мемлекеттік 403 мектеп,  203 балабақша, 24 колледж бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

Жедел басқару орталығына 242 мектеп, 70 балабақша және 17 кәсіптік білім беру ұйымының бейнебақылау камералары қосылған.244 мектеп, 88 балабақша және 24 кәсіптік білім беру ұйымы дабыл түймесімен жабдықталған. Арнайы күзет қызметімен 153 мектеп, 26 балабақша және 18 кәсіптік білім беру ұйымы қамтамасыз етілген.

Нұргүл Бертілеуованың айтуынша, биыл 150 мектептің бейнебақылау жүйесі жаңартылмақ. Сонымен қатарАқтөбе қаласындағы72мектепке «Алақан» бірыңғай жүйесі, 171 мектепке дейінгі ұйымға биометриялық сәйкестендіру жүйесі (Face ID)енгізілмек.

Өңірдегі154 мың бала облыс аумағындағы 679 лагерьде жазғы демалыстарын өткізген. Оның ішінде басымдық су тасқынынан зардап шеккен, әлеуметтік осал отбасы және көпбалалы ауыл балаларына берілген. Олардың саны — 29 мың.

— Облыста су тасқынынан барлығы 14білім беру ұйымы, яғни 6 балабақша,  7 мектеп, 1 интернатзақымданды. 6 білім беру нысаны жаңа құрылысты қажет етеді, 8-іне қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласындағы №72 ІТ-лицейдің жөндеу жұмыстары аяқталды, 7 мектептегі жөндеу жұмыстары  1-қыркүйекке дейін толық аяқталады.Жаңа 5 нысанды салу үшін ел Үкіметінің резервінен 6,2 миллиард теңге қаражат бөлінді. Ырғыз ауданы Нұра ауылындағы нысан жеке кәсіпкер қаражаты есебінен салыныпжатыр, құрылыс жұмыстары басталды, — деді Нұргүл Бертілеуова.

Құрылыс жұмыстары аяқталғанша оқу процесін ұйымдастыру бойынша нақты шешім қабылданған. Мәселен,Ойыл ауданы Екпетал  негізгі мектебінің52 оқушысы аудан орталығындағы Ойыл аграрлық колледжінде, ал Т.Жүргенов атындағыорта мектептің бастауыш сыныбында оқитын 26 оқушыСарыоба ауылындағы  жаңадан салынған  үйде уақытша оқиды, сондай-ақ 5-11 сыныпта оқитын 56 оқушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша онлайн оқитын болады.

Брифингте Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Сәрсенғалиева 50 білім беру ұйымына оқу жылына дайындығы бойынша мониторинг жүргізілгендігін айтты.

— Мониторинг нәтижесінде 5 білім беру ұйымында  кітапхана қорындағы оқулықтар саны сыныптар мен пәндер бойынша оқушылар санына сәйкес келмейтіндігі анықталды. Бүгінде сұраныс беріліп, оқулықтар сатып алынып жатыр. Спортзалы 50 мектептің 48-інде бар болса, оның ішінде 45-і спорт құралдарымен жабдықталған, бесеуінде спорттық құралдар жеткіліксіз. Мониторинг барысында бірқатар білім беру ұйымдарыбасшыларының орны бос екендігі анықталды. Бүгінде вакансиялар бойынша хабарлама жарияланып, конкурс өткізіліп жатыр, — деді Г.Сәрсенғалиева.Оның айтуынша,бүгінге дейін облыстағы 114 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілген, 12 білім беру ұйымы бірден аттестатталған.

— 8 мектепте біліктілік талаптарға сәйкестігіне байланысты тексеру жүргізілсе,  12 білім беру ұйымында  арыз-шағымдар және 65 білім беру ұйымына прокуратураның талаптары бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында анықталған кемшіліктерді жою мақсатында және жоспар бойынша575 балабақша педагогтері, 2649 мектеп педагогтері біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Облыстық бюджеттен 721,2 миллион теңге көлемінде қаражат  бөлініп, 3 физика кабинеті, 8 химия кабинеті, 13 биология кабинеті, 14 СТЭМ кабинеті, 13 робототехника кабинеті алынған. Бейнебақылау камераларын сәйкестендіру үшін облыстық бюджеттен 743,9 миллион теңге қаражат бөлінген. 46 мектепті Starlink интернетіне қосу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген, қазіргі уақытта жергілікті желі орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, — дейді Г.Сәрсенғалиева.Сонымен қатар ол4-сынып және 9-сыныптарда бірдей жоғары көрсеткіш көрсеткен 3 мектепті атап өтті. Олар — Байғанин ауданындағы Қажығали Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп, Шалқар ауданындағы №1 мектеп-гимназия және №8 орта мектеп. Гүлнара Сәрсенғалиева оқулықтар уақтылы немесе толық берілмеген жағдайда білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне 41-44-58 және 41-44-31 телефондары арқылы хабарласу керектігін айтты. Сондай-ақмемлекеттік мектептерде 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілмеген жағдайда жоғарыдағы телефондарға хабарласуға болады.

Ұқсас ақпараттар

КІТАПХАНАШЫ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫ АЛҒЫС АРҚАЛАДЫ

admin_mugalzhar

Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.