«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік жарақатының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында, аудан аумағында 26 тамыз бен 6 қыркүйек күндері аралығында «Абайлаңыз, балалар!» атты республикалық акциясы басталды.

Акция аясында мектеп оқушыларының жол жүру ережесі мен жолдағы қауіпсіздіктің алдын алу бағытында барлық білім беру ошақтарының алдында орналасқан жаяу жүргіншілердің өту жолақтары жаңартылып салынуда. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткеліндегі бағдаршамдардың жарақтылығы мен жол белгілері және жасанды кедір-бұдыр құрылғылары тексерілді.

Осы орайда аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқушылардың жолда жүру ережесін меңгеріп, келе жатқан автокөліктің алдынан кесе жүгірмеу керек екендігін, жолда үнемі жүргіншілерге арналған жол арқылы жүру қажеттілігін түсініп, басқа да көптеген ережелерді білу керектігін және сол бойынша жұмыстар жалғасатындығын жеткізді. Олардың сөзінше, өскелең ұрпақтың қателікке ұрынбауы үшін, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында осы тектес іс-шаралардың маңызы зор.

А. МАНАСБАЕВА

 

Ұқсас ақпараттар

ЖОСПАР: 42 АДАМҒА — ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ

admin_mugalzhar

СҮЙЕК ДОМБЫРА — МУЗЕЙДІҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРІ

admin_mugalzhar

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.