«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Серік Әбденов ауданға келді. Сапар барысында аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың төрағалығымен өткен кездесуде облыс әкімі аппараттының Әдеп жөніндегі уәкілі Президент Жолдауына тоқталып, мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек беру, олардың сыбайлас жемқорлық заңнамасын, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзбау және этика нормаларын сақтау, лудомания туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу соңында Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Серік Әбденов қатысушылардың толғандырған сауалдарына жауап берді.

Ұқсас ақпараттар

145 АДАМ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРДЫ

admin_mugalzhar

Экологиялық мәдениет пен қоғамдық тәртіп қатар дамуы керек — Президент

admin_mugalzhar

Нұрбол ИБРАЕВ: ЭСТРАДА САХНАСЫНДА ӨЗІМ ЖҮРМЕСЕМ ДЕ, ӨЛЕҢДЕРІМ ЖҮР

admin_mugalzhar