«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ШАБАНДОЗДАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

«Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон бәйгесі мәресіне жетті.

3-7 қыркүйек аралығында өткен жорыққа Қазақстан, Иран, Түркия, Венгрия, Қырғызстан, Оңтүстік Африка және Ресей елдерінен 20-ға жуық команда қатысты.

Марафон бәйге Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Ботай елді мекенінен басталды. Қатысушылар Астана төріне дейін 500 шақырымды жүріп өтті. Марафон бәйгенің қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының құрама командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Облыс құрамасында жерлесіміз Айбек Нақпаев баптайтын мұғалжарлық шабандоздар өнер көрсетті.

Ұқсас ақпараттар

ҚАРДАН ТАЗАРТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУІ ТИІС

admin_mugalzhar

ВОСПИТАНИЕ МОЛОДЕЖИ — КАК НАЦИОНАЛЬНАЯ ЗАДАЧА

admin_mugalzhar

IT САЛАСЫНА БЕРІЛГЕН ЖАҢА МӘРТЕБЕ -ТАРИХИ ҚАДАМ

admin_mugalzhar