«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттерден келген мәртебелі меймандармен және жұртшылықпен бірге V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімін тамашалады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Астана Арена» стадионында өткен шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов, Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев, Моңғолияның бұрынғы президенті Энхбаяр Намбарын, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, сондай-ақ ЮНЕСКО, АӨСШК, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТҮРКСОЙ, Түркі инвестициялық қоры, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы, Ислам спорт қауымдастығы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының басшылары, Еуропа Одағының Орталық Азиядағы арнайы өкілі және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде 3,9 млн-нан астам адам екпе салдыртты

admin_mugalzhar

Екінші тоқсанда қанша қазақстандық оқушы мектепке барып, сабақ оқиды

admin_mugalzhar

Синоптиктер +10°С-қа дейін күн жылынады деп болжады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.