«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЭС ТАҚЫРЫБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Аудандық халықтық штаб мүшелері — аудандық мәслихат төрағасы Камшат Ермағамбетов, АMANAT партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Роза Мүсенова және штаб мүшесі, “Мұғалжар” газетінің фото-тілшісі Зайырбек Есенжолов «Орқаш орман және жануарларды қорғау» КММ-нің ұжымымен, Қаракөл ауылындағы Қ.Жұбанов атындағы орта мектебі мен Жұрын ауылындағы Қ.Жұбанов атындағы орта мектебінің мұғалімдерімен және осы ауылдағы амбулатория мен «Сәуле» балабақшасының қызметкерлерімен кездесті.


Кездесу барысында жиналғандарға бүгінгі күнгі өзекті мәселе — АЭС салудың маңыздылығы түсіндірілді. Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектесетіні туралы айтылып, оның әлемдегі ең қауіпсіз және сенімді қондырғылардың бірі болып саналатынына және АЭС артықшылықтарына мән берілді.

Ұқсас ақпараттар

ТАХИР АТАНЫҢ ҚҰЛПЫНАЙЫ

admin_mugalzhar

ӨНЕРПАЗДАР БАС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

Төлеулі МАХИМОВ, аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы: ЖЕҢІС КҮНІ ОТБАСЫМЫЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.