«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЕМІРЖОЛШЫЛАРҒА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауы Қандыағаш вагон депосы мен Қандыағаш станциясының ұжымына түсіндірілді.

Теміржол мекемелерінің қызметкерлерімен өткен кездесуге «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Роза Мусенова, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының директоры Көмекбай Бектұрғанов, аудандық штаб мүшесі Нурибай Сәрсенов қатысты.

Жиында «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Роза Мусенова сөз бастап, Жолдауының негізгі басымдықтарына тоқталды. Кездесу барысында Президент Жолдауында бұрын қабылданып, бүгінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесін айтып өтті.

Сонымен қатар кездесулерде теміржолшыларға АЭС салудың маңыздылығы түсіндіріліп, 6 қазан күні елімізде өтетін референдумға белсене қатысуға шақырылды.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰРЫН АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІ АСФАЛЬТТАНУДА

admin_mugalzhar

Азамат ҮРІСТЕМОВ, Желтоқсан оқиғасының қатысушысы: КӨЗІММЕН КӨРГЕН ЖЕЛТОҚСАН

admin_mugalzhar

2026 жылы қай мамандықтарға ең көп грант бөлінді?

admin_mugalzhar