«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті

Қазақстандық педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту бағдарламасы жалғасып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлдім етті.
— Жаңа оқу жылында 200 мыңнан астам мұғалім жасанды интеллектіні білім беру процесінде тиімді пайдалану бойынша курстан өтіп, оның 140 мыңға жуығы куәлік алды. Әсіресе, Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облысының педагогтері белсенділік танытты. Қатысушылардың басым бөлігі — бастауыш пәні мұғалімдері, — делінген хабарламада.
ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп, халықаралық тәжірибе негізінде әзірлеген бағдарламаны қазақстандық педагогтерге бейімдеді. Курс барысында мұғалімдер ЖИ құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыда дұрыс қолдануды, промпт жазуды, сабақ жоспарлау, тестілеу мен оқу материалдарын әзірлеуді меңгереді.
Бағдарламаға Қазақстанның кез келген өңіріндегі педагог reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында өзіне ыңғайлы уақытта тегін онлайн қатыса алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы оқулықтарды сараптау саласында жұмыс істеу үшін педагог-сарапшыларды іріктеудің жаңа кезеңі басталғанын хабарлаған еді.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

Алға ауданының Қарабұлақ және Тоқмансай ауылдарында медициналық пункттер ашылды

admin_mugalzhar

Қонаевта жаңа Конституция жобасы мен негізгі институционалдық өзгерістер талқыланды

admin_mugalzhar

ШАҒЫН ФУТБОЛ: АУЫСПАЛЫ КУБОК ӨТТІ

admin_mugalzhar