«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Астанада Диснейленд салынады

Астана қаласында «Жібек жолы» деп аталатын Диснейленд салынбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Жаңа жоба Шанхайдағы Диснейлендке ұқсас болады деп жоспарланған. Бұл туралы «Астана архитектура» Instagram парақшасы мәлімдеді.

Ірі жобаға байланысты елордада келіссөз өтті.

-Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Astana Invest кеңсесінде Басқарма төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныш ULKENBAY компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде Шанхай қаласындағы Диснейлендке ұқсайтын аттракциондар паркінің құрылысы бойынша ауқымды жоба талқыланды. «Жібек жолы» деп аталатын ойынсауық кешені Қазақстан мен Қытай мәдени ерекшеліктерін үйлестіретін болады, — делінген ақпаратта.

Аталмыш жобаға 10 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылады. Оның жалпы ауданы 400 га асады деп отыр.

Ұқсас ақпараттар

57 МЫҢ КӘСІПКЕР ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРМАҒАН

admin_mugalzhar

ТАЗАЛЫҚ ПЕН ЖЫЛУЛЫҚТЫҢ ИЕСІ

admin_mugalzhar

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ»: 195 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

admin_mugalzhar