«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент: Стратегиялық мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру

АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым мен білімде жаттандылыққа, формализмге жол беруге, сайып келгенде, өзіңді алдауға болмайды. Бұл туралы III Стратегиялық серіктестер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Біз кейінгі уақытта қол жеткізген бірқатар жетістігімізді мақтан тұтамыз. Мәселен, 18 университетіміз биылғы QS World University Rankings тізіміне енді. Сонымен қатар Қазақстанның 10 жоғары оқу орны 2027 жылғы Times Higher Education рейтингіне қосылды. 2026 жылғы Жаһандық инновация индексінде Қазақстан аймақ елдері арасында ең жоғары көрсеткішпен көш бастап, орнықты өсім көрсетіп келеді. Алайда жаһандық бәсекелестік қызған кезеңде бізге арқаны кеңге салуға болмайды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстан жоғары білімнің, ғылымның және халықаралық академиялық ынтымақтастықтың өңірлік орталығы ретіндегі позициясын дәйекті түрде нығайтуды көздейді.

— Біздің стратегиялық мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру, жаһандық білім нарығының, әсіресе, өзекті әрі сапалы білім нарығының бір бөлігі болу. Ғылым мен білімде жаттандылыққа, формализмге жол беруге, сайып келгенде, өзіңді алдауға болмайды, — деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 25 мыңнан астам агроқұрылым мақта шаруашылығымен айналысады

admin_mugalzhar

iPhone-да қазақ тілі пайда болады

admin_mugalzhar

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar