«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бағасы жағынан АЭС-тің қандай технологиясы тиімді? — сарапшы жауап берді

NNWI Central Asia Kazakhstan консультативтік кеңесінің төрағасы Бауыржан Ибраев еліміз үшін АЭС-тің қандай технологиясы тиімді екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Атом энергиясына деген жаһандық сұраныс және Орталық Азияның рөлі» атты конференцияда Бауыржан Ибраевқа «Қазақстан үшін бағасы жағынан қандай әлемдік технология тиімді?» деген сұрақ қойылды.

Бүкіл жұмысты тек вендор жасамайды. Сарапшылардың айтуынша, 60-70 пайыз жұмысты жергілікті мамандар мен компаниялар атқарады. Сондықтан бағасы қымбат болады деп ойлаймаймын. Әр реактордың айырмашылығы бар. Біз жай көлік пен күн энергиясымен жүретін көлікті қоса алмаймыз ғой, сол себепті мәселе технологияны таңдаған кезде шешіледі. Қазір әлемде де АЭС тақырыбы қызу талқыланып жатыр. Біз білетін Франция АЭС-ті ұзақ әрі қымбат бағада салады. Ал АҚШ пен Оңтүстік Корея компанияларының арасында сот процесі болып жатыр. Мәселе Westinghouse (автор — америкалық) өздерінің рұқсатынсыз APR-1400 реакторының дизайнын экспорттауға тыйым салған еді. Ал корейлер Чехияда тендер ұтып алды. Бірақ қуаныштары ұзаққа созылмады. Өйткені KHNP технологиясы бастапқыда америкалықтарға тиесілі болатын. Қазір лицензияға рұқсат бермей отыр. Жалпы технологияның бәрі референдумнан кейін қарастырылады деп ойлаймын, — дейді Ибраев.

Сарапшы елімізде қандай атом энергетикалық өнімдерді экспорттайтынын айтты.

Қазіргі таңда еліміз уран өндіруден әлемде алдыңғы орында. Қазақстан мамандары уран таблеткаларын жасайды. Бұл өнімді әлемде пайданылып жатқан кез келген реакторларға бере аламыз. Сонымен қатар елімізде жылу бөлетін қондырғылар шығарылады. Ол Қытайға экспортталып жатыр, — деді Бауыржан Ибраев.

Бұған дейін энергетиктер неге елімізде АЭС салыну керегін түсіндірген еді. Олардың сөзінше, елімізде электр энергиясының тапшылығы болып, Қазақстан жылына 60 млрд теңгеге шығынға батады.

Сонымен қатар «BAQ.KZ» ақпараттық агенттігі АЭС салынуы мүмкін Үлкен аймағына қатысты деректі фильм түсірген еді. Онда Алматы облысындағы «Үлкен ауылының басқа аймақтардан қандай артықшылығы бар?», «Станса салынса, ауыл жұрты одан қандай пайда табады?» деген сауалдарға жауап алынған болатын.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеге жаңа автобустар келді

admin_mugalzhar

Елімізде екінші рет онлайн-диктант өтеді: Диктантқа қатысып, iPhone 13 ұтып ал!

admin_mugalzhar

ӨЗГЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ БІЗДЕ ЕМДЕЛЕ АЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.