«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ

Ембі қаласында қарттар күніне орай «Нәси» мейрамханасында қарттардың құрметіне дастархан жайылып, мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Райымбек Мұсағали арнайы қатысып, қарияларға жүрекжарды лебізін арнады.

Біз ежелден «Қариясы бар елдің қазынасы бар» деп ақсақалын ардақтап, қарттарын қадірлеп, даналық дәрістерін көңілге тоқып, ұрпақтар сабақтастығының ұлы көшін жарасыммен жалғап келе жатқан елміз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз өскелең ұрпақ үшін таусылмас тағылым. Татулығымыздың тұтқасы, ұлттық ұлағатымыздың тұмарындай болған қарияларымыз тәлімімен тәжірибесін еліміздің дамуы жолына жұмсаудан бір сәтке де жалыққан емес, — деген қала басшысы бірқатар ардагерге аудан әкім Дархан Ермағанбетовтің және өзінің атынанАлғыс хаттар табыстады.

Кеш барысында Ембі қалалық мәдениорталығыныңөнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды. Жиналған қариялар да өз өнерлерін ортаға салып, ақ баталарын беріп, көтеріңкі көңілкүймен тарқасты.

Ә. МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: БІРІККЕН ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

admin_mugalzhar

ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

admin_mugalzhar

ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

admin_mugalzhar