«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1 ҚАЗАННАН БАСТАП ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА ЖЫЛУ БЕРУ БАСТАЛДЫ

Кеше ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті “Коммуналшы” мекемесіне қарасты нысандарға пресс-тур ұйымдастырды. Ондағы мақсат — нысандардың инвестициялық міндеттемелерге сәйкестігі мен жөндеу жұмыстарына қатысты жоспарларымен танысу. Кәсіпорынның нысандарын аралауға «Мұғалжар» газетінің журналистерімен бірге «Коммуналшы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоспарлау бөлімінің басшысы Людмила Ловцова және бас инженер Сәтжан Икласов қатысты.

2021-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында «Коммуналшы» мекемесіне 134 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген еді. Аталған қаржының 31,6 млн теңгесі осы жылы атқарылған жұмыстарға жұмсалған. Оның 14,6 млн теңгесіне жылу қазандықтарын жөндеу, 12,8 млн теңгесіне сумен жабдықтау, 4,2 млн теңгесіне су бұру жұмыстары жүргізілген.

Пресс-турдың алғашқы аялдамасы Қандыағаш қаласындағы орталық жылу қазандығынан басталды. Бас инженер Сәтжан Икласов осы жылы жылу жүйесін жабдықтауға бөлінген 14,6 млн теңгеге жылу қазандықтарына күрделі жөндеу жүр-гізілгенін айтты. Бүгінгі таңда орталықта 4 жылу қазандығы жұмыс жасайды. Соның екеуіне ағымдағы жөндеу, екеуіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалған.

Бұл жерде 4 жылу қазандығы бар. Өздеріңіз көріп тұрған «КВГМ-10-150» маркалы екі қазандық ашылып, ішкі құбырлары, жылу өткізгіш жүйелері толығымен жаңартылды. Себебі бұл қазандықтар бірнеше жылдан бері жөнделмеген еді. Енді қытымыр қыстан қиналмай шығуға мүмкіндігіміз бар. Сондай-ақ №4 қазандықтың 65180 F маркалы желілік сорғысын К100-65- 200 сорғысына ауыстыру жұмыстары атқарылды. Бүгінде жылу айдағыш құрылғылар мен көшедегі жылу құбырлары толықтай жылу маусымына дайын, барлығын дерлік тексеріп шықтық. 1-ші қазаннан бастап қаладағы әлеуметтік нысандарға жылу берілді. Ал тұрғын үйлерге жылу 15 қазанда таратылады, — деді ол.

Бүгінде «Коммуналшы» мекемесі Қандыағаш қаласын жылумен, сумен қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Ақкемер, Елек, Сағашилі, Бірлік, Қайыңды, Жағабұлақ, Ащысай, Қаракөл, Бұлақты, Ақсу, Жұрын, Басшилі және Талдысай ауылдарын да сумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетеді. Бас инженердің сөзінше, осы жылы Жұрын ауылының орталығынан су ұңғымасы қазылған. Бұл жұмыстарға жоғарыда аталған 31,6 млн теңгенің 12,8 млны жұмсалыпты.

Ал су бұру қызметі бойынша жасалған жұмыстарды көру үшін Рахымжан Қошқарбаев көшесіндегі Кәріз-сорғы станциясына атбасын бұрдық. Бұл жерде ұзындығы 600 метр болатын кәріз-сорғы станциясындағы қысымды коллекторға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Сәтжан Икласов бұл жұмыстарға 4,2 млн теңге жұмсалғанын мәлімдеді.

2021-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның арқасында күрмеуі күрделі мәселелер өз шешімін табуда. Осы жүргізілген жұмыстар кәсіпорынның тұрақты жұмысына және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға зорықпалын тигізуде. Қазіргі таңда бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша бірқатар көрсеткіштерге қол жеткіздік. Атап айтсақ, инвестициялық бағдарламаны іске асыру кезеңінде жылу шығындары 18,6%-дан 18,5%-ға дейін, сумен жабдықтау бойынша 9,31%- дан 9,30%-ға дейін төмендеді. Сонымен бірге тұтынушыларға үздіксіз және сапалы қызмет көрсетуді жүзеге асырудамыз, — деді жоспарлау бөлімінің басшысы Людмила Ловцова.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

САЙЛАУ: ГАЗЕТ БЕТІНЕН ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар құжаттарының қолданылу мерзімінің аяқталғаны туралы SMS-хабарлама алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.