«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ГРАНТ – БІЛІМ және МҮМКІНДІК

Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін жалпы саны 112 мың грант бөлінген. Ал біздің аудан бойынша 2023-2024 оқу жылында мектеп бітірген 576 түлектің 281-і осы тегін білім алу мүмкіндігін жеңіп алды. Олардың көпшілігі педагог мамандығы бойынша грантқа түссе, бірқатары дәрігер және техникалық мамандықтар таңдаған. Қалғандары ауылшаруашылығы саласы мен басқа мамандықтар бойынша тегін білім алатын болады. Өткен оқу жылында білім саласының толағай табысқа жеткенін газетімізде бірнеше рет атап жаздық. Оның ішінде, білікті ұстаздар мен ізденіс сүйер шәкірттердің еңбегінің жемісі – мемлекеттік грант иегерлерінің үлесі биыл 48,6 пайызды құрап отыр. Яғни, мектеп бітірушілердің жартысына жуығы ата-анасының арқасындағы жүкті жеңілдете алғанын ескерсек, бұл — аудандағы білім саласындағы ілгерілеудің тағы бір дәлелдеді.

Аудандық білім бөлімі мамандарының мәліметіне сүйенсек, білім грантының конкурс нәтижесі бойынша алдыңғы қатарлы мектептердің алғашқы бестігін Қандығаш №3 мектепгимназиясы, Ақкемер орта мектебі, Қандыағаш №4 орта мектебі, Ембі №3 орта мектебі және Басшилі ауылындағы Ы.Мұхамеджанов атындағы орта мектептері бастап тұр. Ал енді 11 жылғы білімінің көрсеткіші – ҰБТдан жоғары балл алып, осы білім грантын иеленген мұғалжарлық кешегі түлектер мен бүгінгі студенттер не айтады екен? Олар біздің оқырманмен грант иегері атанғандағы сезімдерімен бөлісті. Сонымен…

Арлан НҰРЛАН: Ұстаздарыма алғысым шексіз

Мен Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің түлегімін. Биыл өзім армандаған Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне “Ақпараттық қауіпсіздік” мамандығына грантқа оқуға түстім. Класс жетекшім Алтынай Сембайқызы талап пен тәртіпті тең ұстап, шығармашылық қабілетімді жан-жақты шыңдады. 5-сыныптан 11- сыныпқа дейін “Excellent” оқу орталығында ағылшын тілінен Салтанат Қалиахметқызынан тәлім алдым. “JUZ 40 Online” курсына қатыстым. Өмірдің сан қырлы жолдарынан сүрінбей өтуге ұстаздың берген тәлімі бағдаршаміспетті. Сол бағдаршамның бірі маған жоғары оқуға түсу барысында жол көрсетті десем де болады. Оның бір айғағы, қалаған оқуыма грантқа түсуім дей аламын. Сол себепті де білім мен тәрбиені қатар берген асыл ұстаздарыма алғыс айтамын. Жаңа үлкен өмірге қадам басқан түлектерге сәттілік тілеймін!

Перизат ЕЛЮБАЙ: ҰБТ-дан 124 балл алдым

Өзім Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің түлегімін. Қазіргі таңда Астана қаласында орналасқан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқып жатырмын. ҰБТ-дан 140 баллдың ішінде 124 балл жинадым. Мамандығым — қазақ тілі мен әдебиеті пәні. Осы салаға өз қалауыммен, өз қызығушылығыммен келгендіктен оқу процесі ұнап жатыр. Грантқа түскенде ерекше қуаныш сезімде болдым, себебі өзім армандаған университетке түстім. Ұстаздарымның, ата-анамның үмітін ақтай алдым деп білемін. ҰБТ-ға дайындалуда жұмсаған еңбегім ақталды.

Дәурен ТІЛЕУҒАБЫЛОВ: Грант– алған білімнің нәтижесі

Барлық 11-сынып оқушысының арманы — грантқа оқуға түсу. Әрине, ол арманменде де болды. Сол арманымүшін тынбай оқып, емтихандардан сүрінбей өтіп, соның арқасында ҰБТ-дан 129 балл жинап, елордамыз Астана қаласындағы  Астана Медициналық Университетінің «Жалпы медицина» мамандығына оқуға грантқа түстім. Ұлттық бірыңғай тестілеу – оқушының 11 жыл бойы алған білімінің нәтижесі, қорытындысы. Сондықтан да әрбір бітіруші түлек үшін ҰБТ-ның маңызы зор. Маған да өзге түлектер секілді қорқынышты әрі қиын көрінді. Иә, тізім шыққанда іштей толқу сезімдері болды, бірақ грантқа түсетініме өзіме сенімді болдым.

Алмас ТУРАШОВ: Оқитын оқу орным өзіме ұнайды

Мен Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің түлегімін. Қазіргі таңда Азаматтық Авиация Академиясында “Авиациялық және радиоэлектрондық жабдықты техникалық пайдалану” мамандығы бойыншы білімалыпжатырмын. ҰБТ-дан 80 балл жинап, осы оқу орнын таңдадым. Оқуым өзіме ұнайды. Аллаға шүкір, мектептегі емтихандарымды жақсы тапсырып, ҰБТ-дан да ойдағыдай балл жинап, грант нәтижесін күту сәтінде, күні-түні өз ойымдағы армандаған жоғары оқу орныма түссем екен деп тілеп жүрдім. Тілегім орындалып, міне, бүгінде студент атандым.

Мадина ОРЫНБАСАРОВА: Грантқа түсетініме сенімді болдым

Мектепті ойдағыдай бтіріп, ҰБТ-дан 130 балл алдым. Ал гранқа Ақтөбе қаласындағы Оспанов атындағы Медицина университетінің «Медицина» мамандығынатүстім. Медицинасаласықиын болғанына қарамастан, маған бұл мамандық ұнайды. Мектеп бітірген түлектің ең үлкен арманы – өзі қалаған мамандығы бойынша грант жеңіп алу. Он бір жыл алған білімнің сыналар сәті де осы емес пе?! Мен де арманыма қол жеткіздім. Жалпы өзімнің грантқа түсетініме сенімді болдым десем де болады. Бірақ өзімді грант тізімінен көргенде, қуанышымда шек болмады. Қаншама еңбегімнің ақталғанын көру бөлек сезім екен.

Айдана ҚОНЫС: Еңбек – бәрін жеңбек!

Мен қазіргі таңда Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық қыздар университетінде қазақ тілімен әдебиетімұғаліміне оқыпжатырмын. ҰБТ-дан 117 балл жинаған болатынмын. Сыныптастарымменталасып, тартысып, тестке дайындалдық. Грантқа түскенмен, әттеген-ай деген тұстар аз болмады. Ең бастысы, ештен кеш жақсы. «Үмітсіз шайтан» дейді ғой, болашақта түлектерге айтарым, «құлау – қайта тұра алмайсың» деген сөз емес. Мен қаңтарта 95 балл, наурызда 99, тіпті, бірінші мүмкіндігімнен 103 алған болатынмын. Екінші ҰБТ менің соңғы мүмкіндігім болды. Бірақ жеңілдім деп қол қусырмай, 10 күнде өзімді қолға алып, жатпай-тұрмай 1 жыл оқып, нәтижесінде ҰБТ-да 14 баллды қанжығама байладым. Сондықтан осыған дейінгі түсінгенім, «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап»!

Айдос СҰЛТАНГАЛИЕВ: Грантқа түсу – ең үлкен арманым еді

Қазіргі таңда Қарағанды Медициналық университетінде оқыпжатырмын. ҰБТ-дан 67 балл жинадым. Өзіме оқу орным ұнайды. Ал грантқа түскен сәтімдегі эмоциям әсерлі болды, мүлде күтпеген едім, ата-анамның үмітін ақтағаныма өте қуанышты болдым. Оқып жатқан мамандығым «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы». Бұйырса, оқуымды жақсы тәмамдап, сапалы әрі білімді маман болып шығатыныма сенімдімін. Өзім түлеп ұшқан Қандыағаш қалалық №2 орта мектебіме және ұстаздарыма алғысым шексіз.

Диана БАЗАРОВА: Ата-анасенімін ақтадым

Қазіргі таңда мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқып жатырмын. ҰБТ-дан 111 балл алдым. Мамандығым — қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау. Оқуым жалпы өзіме ұнауда. Грантқа түскенде шыны керек, өтеқаттықуандым. Артылғансеніммен үмітті ақтап, білім грантын жеңіп алсаң, әрбір түлек үшін одан асқан бақыт жоқ! Білім қуған талапты оқушының грантқа түсуге мүмкіндігі мол. Бұл – мемлекеттің білімге ұмтылғандарға қамқорлығы деп түсінемін.

 

 

Ұқсас ақпараттар

ЖАРКЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Елімізде биатлоннан жасөспірімдер арасында қысқы Азия чемпионаты өтеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.