Бүгін Мұғалжар аудандық мәслихаттың депутаттары Жем қаласының әкімін сайлады.
Бұған дейін белгілі болғандай Жем қаласы әкімі қызметіне үш үміткер түскен болатын. Олар Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі Жұматай Бисенов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Руслан Қойшыбай, Жем қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы Жандос Кулбаев. Халық қалаулылары лауазымды қызметке сайлауға түскен үш үміткердің арасынан Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі Жұматай Бисеновты (оның өмірбаяны мен қызмет жолы бұған дейінгі аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланды) лайықты деп таныды. Сөйтіп, округ әкімі Жем қаласының әкімі қызметіне сайланды. Енді алдағы уақытта Қ. Жұбанов ауылдық округі әкімі қызметіне тағы сайлау өтетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жем қаласының әкімі қызметін атқарған Нүркен Дәрібай басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымды қызмет орны бос тұрған еді.
«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»