«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазгидромет: Қарашада 24 градусқа дейін аяз болады

Еліміздің кей өңірлерінде қараша айында күн күрт суытуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, күздің соңғы айында жылы және аязды күндер жиі алмасып тұрады, сонымен қатар жауын-шашын күтіледі: оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Ай бойы желдің күшеюі, боран, көктайғақ пен тұман болуы ықтимал.
Қарашаның бірінші онкүндігінің басында ауа температурасы көтеріледі: республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -5+5°С-тан +2+8°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-тан +7+12°С-қа дейін, кейінірек температура біртіндеп түнде -2-8°С-қа, күндіз 0, -5°С-қа дейін төмендейді.Оңтүстікте 4-10 қараша аралығында жаңбыр жауады, кейбір күндері қатты жауын-шашын болуы мүмкін, ал таулы аймақтарда жаңбыр қарға айналуы мүмкін. Батыс аймақтарда түнде ауа температурасы +4+10°С-тан -2-7°С-қа, күндіз +7+15°С-тан -2+5°С-қа дейін төмендейді деп болжанып отыр, — делінген хабарламада.
Ал қарашаның екінші жартысында ауа райы күрт суытып, аяз түседі.
Суық ауа массалары келгенде термометр бағаны ең салқын күндері төмендейді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -15-24°С-қа дейін, күндіз -7-12°С-қа дейін төмендейді. Батыс және оңтүстік өңірлерде түнде -3-15°С, күндіз 0, -7°С-қа дейін төмендейді.Қараша айында жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде қалыпты деңгейде болады деп болжанып отыр, — дейді Қазгидромет.

Ұқсас ақпараттар

Чехия компаниясының басшысы атом энергетикасын дамытудың стратегиялық тәсілдері мен жоспарларын айтты

admin_mugalzhar

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ: 37 МЕКТЕП, 1573 МҰҒАЛІМ, 12777 ОҚУШЫ

admin_mugalzhar

Эммануиль Макрон Францияда өткен президент сайлауында жеңіске жетті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.