«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мұғалжар ауданы бойынша этникалық қазақтардың бейімделуі

Соңғы 5 жылда Мұғалжар ауданына 57 адамы бар 36 этникалық қазақ отбасы тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.
Өткен 2024 жылы ауданға 8 отбасы мүшесі бар 11 этникалық қазақ отбасы көшіп келіп, қандас мәртебесін алды. Оның ішінде: Өзбекстаннан — 7 отбасы, Түркменстаннан — 1 отбасы орналасты. Этникалық қазақтардың ішінде еңбекке қабілетті жастағы саны – 9 адам, кәмелеттік жасқа толмаған — 1 бала және зейнеткер – 1 адам болды.
Өңірде қандастарды бейімдеу және әлеуметтендіру бойынша жұмыстар жүйелі атқарылуда.
2024 жылы Қазақстанда FSM Social мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, қоныс аударушылар мен қандастарды жергілікті қоғамдастыққа бейімдеу және интеграциялау жөніндегі қызметтер автоматтандырылды.
Автоматтандырылған жүйені енгізген уақыттан бастап аудан бойынша FSM SOCIAL бағдарламасында 11 қандас тіркелген.
Бүгінгі күнге 7 адам Мұғалжар аудандық мансап орталығына жолыққан. Олардың арасынан алғашқы жұмыс орны арқылы 1 адам жұмысқа жолданды, қысқа мерзімдік курсқа 1 адам қатысу үшін тіркелді. 6 адамға бос жұмыс орындарынан өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, бос жұмыс орындарына қатысу арқылы лайықты жұмыс іздеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы этникалық қазақтарды бейімдеу және әлеуметтендіру жұмыстары жалғасын табады.

Кәмшат Құрманалина, Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Ұқсас ақпараттар

Оралмандардың «Асар» бірлестігі Хайролла Ғабжалиловты президенттікке ұсынды

admin_mugalzhar

BI Group Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер сатып алды

admin_mugalzhar

Қазақстанның он өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.