«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

KGIR-2024: ақтөбелік делегация бірқатар инвестормен кездесу өткізді

Астанада Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2024) өтіп, оған 500-ден астам делегат, оның ішінде халықаралық компаниялар мен сарапшылардың өкілдері қатысты, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жетекшілігімен өткен шарада негізгі инвестициялық трендтер және олардың халықаралық стратегияларға әсері талқыланды. Өңірлерді индустриялық дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

KGIR-2024 аясында Ақтөбе облысында техникалық метанол өндіру зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру үшін Ақтөбе облысының әкімдігі мен «МКС Восток» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Жаңа жоба жергілікті метанол өндірісін дамытуға мүмкіндік беріп, өңірдің импортты алмастыруына және экономикалық әлеуетін нығайтуына ықпал етеді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Үкімет басшысы өңірлік экономиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін үздік инвесторларға марапаттар табыс етті.  Ақтөбе облысының құрылыс индустриясына қосқан үлесі үшін«Зерде Керамика» ЖШС компаниясы атап өтілді.

KGIR-2024 аясында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Әбдікәрімов АҚШ, Испания, Иран бизнес өкілдерімен, сондай-ақ электротехникалық машина жасау, құрылыс индустриясы, автомобиль жасау және т.б. салалардағы қазақстандық және халықаралық өндірушілермен бірқатар кездесу өткізді.

«KGIR-2024» тәжірибе алмасу және өсу, инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылау бағытындағы бірегей платформа болды.

Ұқсас ақпараттар

Ел тұрғындары наурыз айында 14 күн демалады

admin_mugalzhar

НАСЫБАЙ: САТУШЫ ДА, САТЫП АЛУШЫ ДА ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУЫ МҮМКІН

admin_mugalzhar

Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.