«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

35 қазақстандық университет Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне енді

Азия рейтингінің жаңа шығарылымында 25 ел мен аумақтан 985 ЖОО бар. Қазақстандық жоғары оқу орындары үшін ең үлкен бәсекелестікті Үндістан, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ақпаратынша, QS World University Rankings рейтингі 2004 жылдан бері жүргізілуде, оған қазақстандық жоғары оқу орындары 2011 жылдан бері қатысып келеді.

Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық рейтинг агенттігі келесі рейтингтерді құрастырушы болып табылады:

  • QS World University Rankings – әлемнің үздік университеттерінің рейтингі;
  • QS World University Rankings by Subject – әлемдегі үздік университеттердің пәндік рейтингтері;
  • QS Sustainability Rankings – тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша әлемдегі үздік университеттердің рейтингі;
  • QS University Rankings by Region – үздік аймақтық университеттердің рейтингтері (Еуропа, Латын Америка, Азия, Араб аймағы);
  • QS Best Student Cities – әлемнің үздік студенттік қалалары; — QS Global MBA Rankings – үздік MBA бағдарламаларының рейтингі;
  • QS Business Masters Rankings – үздік магистратура бағдарламаларының рейтингі;
  • QS International Trade Rankings – үздік халықаралық сауда бойынша магистратура бағдарламаларының рейтингі;
  • QS Graduate Employability Rankings – түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша үздік университеттер рейтингі;
  • QS Stars University Rankings – белгілі бір бағыттар бойынша үздік университеттердің рейтингі.

Жаңа шығарылым рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының позицияларының әсерлі серпінімен ерекшеленді, олардың үштен екісі былтырғы нәтижелерін жақсартты.

2025 жылғы Азияның үздік университеттерінің жаңа рейтингі QS Asia University Rankings 2025 құрамына 35 қазақстандық ЖОО кіреді, бұл ел тарихындағы жоғары білімнің абсолютті рекорды болып отыр.

 

Ұқсас ақпараттар

Жұмыссыздық деңгейі — 4,8 пайыз

admin_mugalzhar

Жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қалай болады

admin_mugalzhar

2030 жылға қарай еңбек нарығындағы жастар үлесі 80%-ға жетеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.