«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРҒАН ЖЕРЛЕСПЕН КЕЗДЕСУ

Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ-де “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында білім алушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында “Әлемді бағындырған жерлесіміз” тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу қонағы — Мұғалжар ауданының мақтанышы Гүлім Құрманбаева.
Білім алушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеп, өз елінің біртуар азаматтарына деген мақтаныш сезімдерін ояту, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, болашақта мамандық таңдау үшін ақпарат-кеңес беру мақсатында ұйымдастырылған кездесуде Гүлім Құрманбаева туралы бейнематериалдар көрсетіліп, ашық сұхбат жүргізілді. Оқушылар тарапынан спортшыға түрлі сұрақтар қойылып, кездесу әсем әуенмен өз жалғасын тапты.
Гүлім Құрманбаева — белгілі қазақстандық паралимпиадалық спортшы. Ол 2023 жылы Қытайда өткен Азия Пара ойындарында қола жүлде иеленген. Гүлім бұл жетістігі арқылы Қазақстанның атын әлемдік аренада тағы бір мәрте танытты.
Кездесу соңында спортшы Гүлім Құрманбаеваға мектеп ұжымы өз алғыстарын білідіріп, алдағы додаларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде онлайн оқытуға арналған жаңа платформа әзірленеді

admin_mugalzhar

С 2022 года вырастут госпошлины за выдачу документов

admin_mugalzhar

КӨКТЕМГІ ДЕНСАУЛЫҚ МАРАФОНЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.