«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЗІР МЕН «МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ТҰРАҚТЫ ОҚЫРМАНЫМЫН

Қуаныш КЕНЖЕҒАЛИЕВ, «Мұғалжар» газетінің ардагері: 

— Мен саналы ғұмырымды аудан журналистикасының дамуына арнадым. Қызметімді аудандық басылымда жас журналист болып бастап, түрлі белестерден өтіп, ұзақ жыл редакторлық қызмет атқарып, өз ізімді басар шәкірттер даярладым. Ауданның айнасына айналған «Мұғалжар» газеті редакциясы ғасырға жуық тарихи жолында оқырманға шынайы, өзекті ақпарат жеткізіп, күрмеуі күрделі мәселелерді көтеріп келеді. Сондай-ақ тарихи-танымдық мақалаларды да таразыға салып, ағартушылық миссиясынан айныған емес. Бүгінгідей интернет үстемдік құрған заманда газеттің болашағы жоқ» дегендерді арагідік естіп қалатынымыз жасырын емес. Осындай ойда жүрген кейбір оқырмандарға газет ақпарат таратушы ғана емес, тұтастай елдің рухани-мәдени өсуіне ой қосатын, мемлекеттік мұрат-мүддені дәріптейтін, тәрбие беретін идеологиялық құрал екенін айтқым келеді. Сонымен бірге Мемлекет басшысының жүргізген саясатының дұрыс бағалануына, сол арқылы қоғамдық пікірдің қалыптасуына үлкен үлесін қосады.

Мен редакторлық еткен жылдары интернет желісі болса да, қазіргідей кең танымалдыққа ие емес еді. Ол кездің адамдары жаппай газет-журнал, кітап оқитын. Оқырмандар газеттің әр нөмірін асыға күтетін. Бүгін де сондай жандардың барын білемін.

Ал қазір зейнетке шығып, жасым сексеннің сеңгіріне аяқ бассам да, мерзімді басылымдардан қол үзген емеспін. Әлі күнге дейін үйіме келген газет-журналдарды бір шолып шығып, келелі тақырыптарды толыққанды оқып шығамын. Шыны керек, соның ішінде өзімнің қолтаңбам қалған «Мұғалжар» газетін асыға күтемін. Себебі өзіме өте ыстық. Мен жүріп өткен мекеннің тынысын, жүзі таныс жандар туралы оқығанда, марқайып қаламын. Редакцияға да үнемі хабарласып, Бану қызым бастаған журналистердің жағдайын біліп, жазып жүрген мақалаларына пікірімді білдіріп, ақыл-кеңесімді айтып отырамын. Сіздің қолыңыздағы осы бір газеттің артында қаншама адамның үздіксіз ізденісі, табанды еңбегі жатыр. Олар сенімді әрі шынайы ақпарат үшін бар күш-жігерін салуда. Бұны мен «Мұғалжардың» кешегі редакторы, бүгінгі оқырманы ретінде нық сеніммен айта аламын!

Ұқсас ақпараттар

БҮГІН БІЗДІҢ МЕРЕКЕ

admin_mugalzhar

ЖАНАМ ДЕГЕН ЖАСТАРҒА ОТ БЕРЕТІН…

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТЫҚТАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.