Мүгедектігі бар азаматтардың жәрдемақысы ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептеледі. Ал биыл еңтөменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңге болды. Сондықтан мүгедектігі бар азаматтардың жәрдемақысы 4,5-6 мың теңгеге дейін өсті. Мұғалжар ауданында жалпысаны1661 мүгедектігі бар адам тіркеуде тұр.
Оның — 108-і балалар. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақтөбе облысы бойынша филиалының Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Мұғалжар аудандық бөлімінің басшысы Ақмарал Нұрмағамбетов аайтты.
— 7 жасқа дейінгі мүгедек балаларға төленетін жәрдемақы көлемі 2025 жылы 74 428 теңгені құрайды. Ал 7-18 жастағы мүгедек балалар және одан үлкен азаматтарға, яғни I топтағыларға – 101 702 теңге, II топтағыларға 84 598 теңге, III топтағыларға 74 428 теңге төленеді. Бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, I топ мүгедектері 101 702 теңге, II топ мүгедектері 84 598 теңге, III топ мүгедектері 74 428 теңге алады. Бұдан бөлек, мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін атаанағажәне I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтында рға мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. 2025 жылыоның көлемі 74 428 теңге болды, — деді Ақмарал Нұрмағамбетов.
Ал денсаулығындағы кінәратқа байланысты I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 496 теңгеден 101 702 теңгеге дейін, II топ – 76 397 теңгеден 81 362 теңгеге дейін, III топ – 52 089 теңгеден 55 474 теңгеге дейін өскен.
Н.КЕСІКҚҰЛ